Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

Әкімінің есеп беру кездесулері- мұрағат

Жаңашар селолық округінің әкімі

Асыл Байтулақұлы Байтулақовтың

2015 жылғы атқарылған жұмыстары туралы

округ тұрғындарының алдындағы

ЕСЕБІ

Отчет акима Жанашарского сельского округа 

Байтулакова Асыл Байтулаковича

о проделанной работе перед жителями округа

за 2015 год

Аса қадірлі Жаңашар селолық округі әкімінің есеп беру жиналысына келген округ тұрғындары!

Уважаемые жители присутствующие на отчетной встрече акима Жанашарского сельского округа!

Құрметті қауым!

Бүгін, Сіздердің алдарыңызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» № 615 Жарлығын орындау үшін, 2015 жылғы атқарылған жұмыстар туралы есеп бергелі отырмын.

            Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»  атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдады. Өздеріңізде телеарналардан көріп жүрсіздер Елбасының саясатына, жоспарларына, Жолдауларына шетелдік сарапшыларда жақсы бағаларын беріп, мықты саясаткер екенін мойындап жүр.

            Елбасы биылғы Жолдауында Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері, Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері, Біздің дағдарысқа қарсы басты стратегиямыз, Қаржы секторын тұрақтандыру, Бюджет саясатын оңтайландыру, Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері, Жаңа әлеуметтік саясат жөніндегі өзінің жоспарларын айтып, нақты тапсырмалар берді.

Биыл біз Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ бастық.

          2016 жылғы 6 қаңтарда Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы жарияланды.

            Бұл мақалада Елбасы Жаңа қазақстандық арман, Мемлекетті кәсібилендіру, Құқық тәртібі және заңдылық, Бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу, Сыртқы инвестициялардың жаңа көздері, Инновациялық индустрияландыру көкжиектері, Әлеуметтік жаңғырту ынталандырушылары, Реформалар табысы – ұлт бірлігіне бастар жол, Қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, Мемлекет функцияларын бәсекелесті ортаға және жергілікті өзін-өзі басқаруға беру, Ұлт жоспары – қазақстанды кең ауқымды Жаңғырту жобасы жөнінде мемлекеттің даму жоспарын айтты.

            Мемлекет басшының көреген саясатының арқасында еліміз дамып өркендеп келеді. Елбасы әр Жолдауында көрсетіп өткендей халықтың жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. Елбасының барлық салаға толық тоқталуының өзі біздер үшін, мемлекетіміз үшін үлкен жетістік.

                                       Құрметті ауыл тұрғындары!

            Жаңашар селолық округі бойынша 2015 жылғы атқарылған жұмыстарға сәйкес Сіздерге есеп беруді бастауға  рұқсат етіңіздер.

            Жаңашар селолық округінің қысқаша мінездемесі

 

            Жаңашар селолық округінің жалпы аумағы 9275 га. 92,6 км² жерді құрайды. (Еңбекшіқазақ ауданы аумағының 1,1% құрайды), Жоңғар Алатауының етегіндегі Есік қаласынан 24 шақырым қашықтықта орналасқан. Округ 1960 жылы құрылған. Округтың құрамына 3 ауыл және 16 саяжай серіктестіктері кіреді. 2016 жылғы   

1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша халық саны 7200 адамды құрайды. Оның ішінде: Жаңашар ауылында – 4056 адам, Космос ауылында – 2270 адам, Базаркелді ауылында – 874 адам. Округте 14 ұлттың өкілдері тұрады. Селолық округтің орталығы Жаңашар ауылы. Селолық округте 1694 аула бар. Оның ішінде: Жаңашар ауылында – 879, Космос ауылында – 611, Базаркелді ауылында – 204.   

Краткая характеристика Жанашарского сельского округа

Территория округа составляет 9275 га. 92,6 км² (1,1% от общей площади территории Енбекшиказахского района), расположен в 24 км от города Есик в предгорьях Заилийского Алатау. Основан в 1960 году. В состав округа входят 3 села и 16 садоводческих обществ. Численность населения на 1 января 2016 года составила 7200 человек. Население представлено 14 национальностями и народностями. Из них в с. Жанашар – 4056 человек, с. Космос – 2270 человек,                      с. Базаргельды – 874 человек. Административный центр – с. Жанашар. В округе насчитывается – 1694 дворов. В том числе: в с. Жанашар – 879, с. Космос – 611,         с. Базаргельды – 204. 

Салық саласы бойынша түсімдер

Мемлекет кірісінің тұрақтылығы салық әкімшілігі мәселесімен тығыз байланысты екенін өздеріңіз білесіздер. Сондықтан салық төлемеуге және салықтың төленбеуіне байланысты жиналып қалған алымдардың көбеюіне жол берілмеуіне бақылау жасау бұл реттегі жұмыстың басым бағыты болып табылады. Салық әкімшілігінің осы мақсаттағы тиімді тетіктерінің бірі осындай төленбеген салықтарды қайтару үшін дер кезінде барлық шараларды қолдану қажет. Ал 2015 жылғы жеке тұлғалардан түскен:

 жер салығы - 491 мың 700 теңгені құрап,  100 пайызға орындалды;

жеке тұлғалардан алынған жылжымайтын мүлік салығы - 612 мың 600 теңгені құрап, 100 пайызға орындалды;

жеке тұлғалардан жиналған автокөлік салығы - 8 млн. 202 мың 500 теңгені құрап, 100 пайызға орындалып отыр.

Налоговые поступления

Стабильность дохода в целом зависит от налоговых систем. В связи с этим, надо вести целенаправленную системную работу с неплательщиками и должниками, чтоб не дать им возможности на увеличения. Налоговой системе необходимо принять все меры контроля с целью возврата всех непогашенных финансовых долгов.

За 2015 год по Жанашарскому сельскому округу поступления от физических  лиц составило:

по земельному налогообложению - 491тысячи 700 тенге, что составило  100 процентов;

по сбору налогов с недвижимости – 612тысяч 600 тенге, что составило 100 процентов;

по сбору налогов с автотранспорта – 8 млн. 202 тысяч 500 тенге, что составило 100 процентов.

Шағын кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы

Өткен жылы Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі болып отыр.

Өздеріңізге белгілі өңірдің экономикалық дамуының негізгі дәстүрі индустриялдық-инновацианың артуы болып табылады. Бүгінгі күні ірі жобалармен  қатар, шағын және орта бизнеске де үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, округімізде шағын және орта бизнестегі субъектілер 34 бірлікті құрады, оның ішінде 80 пайызы тауар айналымы бойынша шағын кәсіпкерлікпен айналысып отыр.  

Жаңашар селолық округі бойынша бюджетке қомақты салым түсіріп және округтің 500-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған өндірістік өнеркәсіптердің бірі «Адал» акционерлік қоғамы, сондай-ақ «Мико Фарма Дент», «Олимпийский» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Ақсу», «Үміт» өндірістік кооперативтері.

2016 жылдың 1-жартыжылдығында Алматылық «ISMAN GROUP LTD» ЖШС өз қаражатымен Жаңашар және Базаркелді ауылдарында оқу жаттығу спорттық кешені мен стадион салуды жоспарлауда. Құрылыс жұмыстары басталса округтен 50 адам жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар 2016 жылы жеке кәсіпкер Д.Маметрузиев Космос ауылынан ірімшік шығаратын цех пен мал соятын алаң салуды жоспарлауда.

Предпринимательство и промышленность

Прошедший год для Казахстанцев был ознаменован еще одним шагом продвижения в сферах обновления экономики, социальной, политической жизни народа.

Для Казахстана достижения в экономике и общественной жизни имеет жизненноважное значение. На сегодняшний день это – является важной проблемой в социально-экономическом обновлении. Как известно, экономическое развитие региона зависит от индустриально - инновационного  развития. На сегодняшний день большое внимание уделяется не только крупным проектам, но и субъектам малого и среднего бизнеса, что по округу составляет 34 единиц, из них 80 % занимаются предпринимательской деятельностью по товарообороту.

Одними из обеспечивающих работой населения, вносящих значительные поступления налогов в бюджет района являются промышленные предприятия      АО АПК «Адал», ТОО «МикоФармаДент», ТОО «Олимпийский», ПК «Аксу», СПКВ «Умит».

В первом полугодие 2016 года Алматинская компания ТОО «ISMAN GROUP LTD» за счет собственных средств планирует строить учебно-тренировочную базу в с.Жанашар и с.Базаркельды, где будет создано 50 дополнительных рабочих мест.

А также 2016 году частный предприниматель Д.Маметрузиев в с. Космос планирует стройтельство сырного цеха и бойную площатку. 

Ауылшаруашылығы саласы

 Округ бойынша 26 шаруа қожалығы 2015 жылғы «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын арзандату» бюджеттік бағдарламасы бағытында ауылшаруашылығын дамыту үшін 38 млн. теңге көлемінде субсидия алды.

Сельское хозяйство

В 2015 году по округу 26 крестьянских хозяйств по бюджетной программе «Для проведения весенне-полевых и уборочных работ, для приобретения необходимого количества горюче-смазочного материала и других товаро -материальных ценностей по низким ценам»  получили субсидии в размере 38 млн. тенге. 

Ветеринария саласы

Жаңашар селолық округінде 166 шаруа қожалықтары тіркелген, округте  4367 ірі қара мал, 267 жылқы, 1076 ұсақ мал, 177 шошқа, 3800 құстар өсірілуде. Осы көлемдегі малдың беретін өнімдері округ тұрғындарының біразын қамтамасыз етіп отыр.

 Бүгінгі күнге дейін бруцеллез ауруына қарсы диагностикалық зерттеу жұмыстары 4133 ірі қара малға, 960 ұсақ малға, 2 жылқыға, 180 шошқаға жасалды, сонымен қатар, аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық іс- шаралары бойынша егу ірі-қара малға 5000, ұсақ малға 2800, жылқыға 275, шошқаға 350, итке 200, құсқа 1300 егу жұмыстары жүргізілді.

1800 бас ірі-қара және 400 бас ұсақ мал бірдейлендіріп (идентификация), деректер қорына енгізілді.

Жыл басынан бері 160 ит жойылды. Бүгінгі күні Жаңашар селолық округі бойынша аурулардың алдын-алу үшін ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жүргізілуде.

Ветеринария

По Жанашарскому сельскому округу зарегистрировано 166 крестьянских хозяйств, количество поголовиеКРС состовляет4367 голов, 267 голов лошадей, 1076 голов мелкого рогатого скота, 177 голов свиней, 3800 домашних птиц. Часть жителей округа обеспечивается данной продукцией.

На сегодняшний день проведены диагностические исследования против бруцеллеза 4133 крупнорогатого скота, 960 мелкорогатого скота, 2 лошадям,         180 свиньям, наряду с ними проведены профилактические вакцинации против особо опасных заболеваний 5000 крупнорогатого скота, 2800 мелкорогатого скота,         275 лошадям, 350 свиньям, 200 собакам, 1300 птицам.

Идентифицированы 1800 голов крупнорогатого скота,а также 400 голов мелкорогатогоскота.

На ряду с этим произведена работа по отлову собак и кошек в количестве - 160.

Сумен қамтамасыз ету

  

Жаңашар селолық округі бойынша ауыз су құбырының жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды, 1976 жылы салынып, пайдалынуға берілген. Ауыз су құбырының пайдаланушысы «Ақсу» өндірістік кооперативі болып табылады. Абоненттік көрсеткіш саны  1450 тұрғын үй. Ауыз су құбыры 75 пайызға тозығы жетіп ескірген.    

Обеспечение водой

Протяженность водопроводных сетей составляет 25 км, которые были построены и сданы в эксплуатацию в 1976 году. Обеспечением питьевой водой занимается производственный кооператив «Аксу». Абонентский показатель – 1450 жилых домов. Водопроводные сети на 75 %  изношены.

Жол жөндеу және көркейту саласы 

Округ бойынша 24 көше бар.Жолдың ұзындығы 34 шақырымды құрайды. «Ауыл аумағын дамыту» және «Жұмыспен қамту  - 2020» бағдарламалары аясында 2015 жылы Космос ауылының 3 көшесі күрделі жөндеуден өтті. Барлығы 4000 шаршы метр жерге асфальт төселінді. 2016 жылы округтегі ауылдардың көшелерінің 4800 шаршы метрін ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарлануда.  

2015 жылы Жаңашар, Космос, Базаркелді ауылдарын кеңейту мақсатында ауылдардың бас жоспары жаңадан жасалынды.

            Өткен жылғы жаз айларында Талғар өзенінің тасуына байланысты құлаған көпірлерді жөндеу, су тасқынының алдын алу жұмыстарына «Батыс Қытай – Батыс Европа» тас жолын салушы «Догуш Гулсан» компаниясы көмегін көрсетті. Сонымен қатар осы компания қазан айында Базаркелді ауылындағы бейіттің жанынан ағып жатқан Талғар өзенінің арнасын ауыстыруға өз көмектерін көрсетті.

            2015 жылы 14-16 тамызы күндері аралығында Космос ауылы, «Комсомол» көлінің аумағында өткен Халықаралық Эко-Этно Фестиваль «FourЭ» фестивалі кезінде «Комсомол» көліне баратын жол тегістелді. Бұл жолды тегістеуде «Догуш Гулсан» компаниясы өз көмектерін көрсетті. Қазіргі уақытта осы компанияда округтің 30 адамы тұрақты жұмыс істеуде.

            Өткен жылы Жаңашар ауылының батыс жағында орналасқан мұсылмандар бейітін тасқын судан қорғайтын бөгет салу үшін бюджеттен 102 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөгет салу жұмыстары аяқталды, бейітке баратын жол салынды. Бұл жұмыстарды НК «Регионгидрострой» компаниясы жүргізді.

Жаңашар ауылы, Кузиев көшесіндегі құлау қаупі бар 20 кәрі ағаш құлатылды, көшеге шамдары орнатылды. Сонымен қатар Жаңашар селолық округі әкімінің аппаратының ғимаратының шатыры ауыстырылды.

Жыл басынан округ бойынша көктемдік-күздік санитарлық тазалық сенбілік кезінде 3500 тонна күл-қоқыстар шығарылды.

Алдағы уақытта күл-қоқысты шығарумен айналысатын мекеме ашу жұмыстары жоспарлануда. Әрине санитарлық тазалық жұмыстары бүгінгі күні сын көтермейді, сондықтан әрбір азамат, әрбір аула аталған жұмыстарды біріншіден өздерімізден бастауымыз қажет деп ойлаймын. 

             

 Благоустройство и ремонт дорог

В Жанашарском сельском округе 24 улицы. Протяженность улиц составляет 34 км. В 2015 году в сельском округе по программе «Развития сельских территорий» и «Занятость 2020» было отремонтированно 3 улицы села Космос, протяженностью 4000 кв.м.

На 2016 год запланированно 4800 кв.м текушего ремонта уличных дорог в сельском округе. В 2015 году были разработаны новые генеральные планы с.Жанашар, с.Космос, с.Базаркельды с расширением границ. 

         В прошлом году компания «Догуш Гулсан» после селя на реке Талгар оказала помощь в востановлении аварийного моста в с.Жанашар. Также компанией «Догуш Гулсан» в октябре прошлого года была оказана помощь в проведении работы по берего-укрепительным работам кладбищ в с.Базаркельды, которые находились на грани смыва.  

       14-16 августа 2015 года в с.Космос на озере «Комсомол» был проведен Международный Эко-Этно Фестиваль «FourЭ», также компанией «Догуш Гулсан» в качестве спонсорской помощи до места проведения фестиваля была отсыпана и выравнена дорога. В настоящее время в данной компании работают около 30 жителей сельского округа.

        Компанией НК «Регионгидрострой» в 2015 году на реке Талгар были проведены берего-укрепительные работы с установлением габионов и других инженерных работ на общую сумму 102 млн.тг.

        В с.Жанашар по ул.Кузиева был произведен спил 20 аварийных деревьев предстовляющих угрозу жизнидеятельности людей.

            По протяженности данной улицы были установлены фонари освещения. Была заменена кровля крыши здания аппарата акима сельского округа.

С начало года по проведению весенне-осенних субботников вывезено                  3500 тонн мусора.

В перспективе планируется открытие предприятия по вывозу мусора. На сегодняшний день работа по санитарной очистке и вывозу мусора продолжается, в связи с этим мы считаем и призываем каждого гражданина и каждый двор поддерживать чистоту, а также соблюдать правила содержания благоустройства.

Білім беру саласы

            Округ аумағында 2 орта білім беретін мектеп, 1 бастауыш мектебі бар.

            Орта білім беретін мектептерде биылғы оқу жылында 125 мұғалім 1132 оқушыға білім беріп отыр. Бүгінгі күні 65 оқушы Базаркелді ауылынан І.Жансүгіров атындағы орта мектебіне күнделікті тасымалданады. 85 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша Жаңашар селолық округі аумағындағы орта мектепті бітірушілердің ұлттық біріңғай тестілеуден орташа көрсеткіші  73,8 %. Атап көрсететін болсақ: Т.Рысқұлов 76,2 %, І.Жансүгіров 71,4%.

         2016 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 10 % құрап отыр. Алдағы уақытта пайыз санын ұлғайту үшін жұмыстар атқарылып келеді. 

            2015 жылы Космос ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің жылу жүйесі күрделі жөндеуден өтті. Базаркелді бастауыш мектебінің пешін жеке кәсіпкер А.Матецкий ауыстырып берді.

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкер Р.Османов өз қаражатымен Жаңашар ауылына  2 қабатты 120 орындық балабақша салып жатыр. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2016 жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар 2016-2020 жылдар аралығында Космос ауылына 80 орындық 1 балабақша, Базаркелді ауылына 50 орындық 1 балабақша салу жұмыстары жоспарлануда. Сондай-ақ, Базаркелді ауылына 250 орындық орта мектеп салу жоспарлануда.

Сфера образования

             В округе имеется 2 общеобразовательные и 1 начальная школы.

 В средних школах в нынешнем учебном году 125 учителей дают знания          1132 ученикам округа. 65 ученикам с. Базаркельдыежедневно осуществляется подвоз в средную школу имени И.Жансугурова, а 85 ученики обеспечиваются горячим питанием.

          По результатам ЕНТ по Жанашарскому сельскому округу средний балл составил 73,8 %. Школа имени Т.Рыскулова 76,2 %, И.Жансугурова 71,4 %.       

          Дошкольное образование и воспитание детей по округу в 2016 году составляет 10 %. Для повышения процентности ведутся работы.

 В 2015 году в СШ И.Жансугуровабыл проведен капитальный ремонт по замене системы отопления.

Индивидуальный предприниматель Матецкий А. в качестве спонсорской помощи поменял печь в начальной школе с.Базаркельды.

По государственной программе «Балапан» индивидуальный предприниматель Османов Р. за счет собственных средста начал строительство двухэтажного детского сада на 120 мест. Планируемая дата открытие десткого сада второе полугодие 2016 года.  

            А также планируется в 2016-2020 годы строительство детского сада в                     с. Космос на 80 мест, в с. Базаркельды на 50 мест. Включена на 2016 год проектно- сметная документация на строительство средней школы в с. Базаркельды на                 250 мест.

Денсаулық сақтау саласы

Бүгінгі күні Жаңашар селолық округінде 3 медициналық мекеме бар. Олар Жаңашар ауылдық дәрігерлік амбулаториясы, Космос ауылдық фельшерлік-акушерлік пункті, Базаркелді ауылдық медициналық пункті. Бұл мекемелерде барлығы 24 адам жұмыс істейді. Оның 6-уы жоғары білімді дәрігерлер, 18-і медбикелер мен санитарлар. Жоғары білімді дәрігерлердің 4-уі терапевт, 2-уі балалар дәрігері. Бір күндегі қабылдау саны 40 адам.

2015 жылы округтегі 3 медициналық мекеменің дәрігерлері 15717 қабылдау жүргізді, оның 1899 балалар. 

Округімізде адам санының көбеюіне және ғимараттардың тозуына байланысты 2016-2020 жылдар аралығында Жаңашар ауылына жаңадан емхана, Космос ауылына дәрігерлік амбулатория, Базаркельді ауылына ФАП салу жоспарлануда.

Здравоохранение

В Жанашарском сельском округе осуществляет свою работу 3 медицинских учреждения. А именно СВА с. Жанашар, ФАП с. Космос, медпункт с. Базаркельды.

В медицинских учреждениях сельского округа работает 24 специалиста. В том числе 6 врачей, 18 медицинских сестер и санитарок. Ежедневно производится прием 40 пациентов. В 2015 году в трех медицинских учреждениях округа было принято всего 15717 пациентов, из них 1899 детей.

В связи с увеличением количества населения округа и износа здании планируется в 2016-2020 годы строительство поликлиники в с. Жанашар, СВА         в с. Космос, ФАП в с. Базаркельды.

Әлеуметтік сала

Округ бойынша экономикалық белсенді халық саны 3065 адам. 128 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр, жұмыссыздықтардың деңгейі 4,1 пайызды құрайды.

Округ аймағы бойынша: зейнетақы және жәрдемақы алатындардың саны -2351, оның ішінде 698 зейнеткерлер,  мүгедектер – 178, көп балалы аналардың саны –  77. Оның ішінде «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапаталған аналар саны - 68.

           Қазақстан Республикасының «балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» және «тұрғын үй жәрдемақысы» Заңдарына сәйкес әкім жанындағы арнайы комиссия құрылған. Комиссия мүшелері 2015 жылы мемлекеттік жәрдемақы алуы бойынша 12 отырыс өткізілді.

             Жыл сайын мемлекеттік мерекелер қарсаңында жалғыз басты зейнеткерлерге, тұрмысы төмен отбасыларына және мүгедек балаларға азық-түлік, сыйлықтар және тағы да басқа қайырымдылық шаралары көрсетіліп тұрады.

Наурыз мейрамында екі жүз мың теңгеге сыйлықтар алынып, мерекеде өнер көрсеткен, спорттық ойындарға қатысқан, мерекенің жақсы өтуіне ат салысқан белсенділерге берілді.

Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының депутаты А.Рустамбеков  9 мамыр - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында ауыл тұрғындарына ірі қара сойып таратты. 

9 мамыр - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының депутаты А.Рустамбековтың, «Адал» АӨК АҚ-ның, жеке кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының қолдауымен Ұлы Отан соғысы ардагері жесірлеріне, тыл ардагерлеріне, Ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік, сүт өнімдері салынған 92 пакет берілді және де округтегі тыл ардагерлеріне мерекелік 81 медал табыс етілді.

«Шұғыла» қоры округтегі жағдайы төмен 5 отбасына 10 тонна көмір таратты.  

1 маусым – Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай округ әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен округтегі балаларға 400 дана балмұздақ таратылды.

1 қазан Қарттар күніне байланысты округ әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен округ қарттарына азық-түлік салынған 65 пакет таратылды.

Округте өтіп жатқан іс-шараларға қайырымдылық көмектерін көрсетіп, өз үлестерін қосып жүрген Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатының депутаты А.Рустамбековке, «Адал» АӨК АҚ-на, жеке кәсіпкерлер Наниев Мамлудқа, Наниев Караға, Чикаев Тавабирге, Матецкий отбасыларына және басқаларға округ халқы және округ әкімінің аппараты атынан алғысымызды білдіреміз.

Социальная отрасль

Экономическо-активное население по округу составляет 3065 человек. Из них 128 состоят на учете по безработице, что составляет 4,1 %.

По округу количество пенсионеров и получающих пособия – 2351, из них -698 пенсионеров, инвалидов - 178, многодетных матерей - 77 и.т.д. Награждены медалями «Алтын алқа», «Күміс алқа» - 68матерей. Членами комиссии по назначению жилищных пособий, семьям имеющих детей до 18 лет было проведено 12 заседании.

Ежегодно накануне праздничных дней организовываются благотворительные мероприятия и выдаются бесплатные продукты питания, ценные подарки малообеспеченным,  одиноким пенсионерам и детям инвалидам. 

В 2015 году на проведение Наурыз мейрамы для вручения подарков и призов участникам праздника по спортивным и другим мероприятиям было направленно около 200 тысяч тенге.  

В честь 70 - летия дня Победы депутат районного маслихата Рустамбеков А. выделил  мясное продовольствие (быка) для  жителей округа.

Ко дню 70 - летия Победы всем труженникам тыла были вручены 81 юбилейные медали и 92 пакета с подарками от спонсоров компании АО АПК «Адал», Рустамбеков А. и других.        

Фонд «Шұғыла» в прошлом году пяти малоимущем семьям округа выдали      10 тонн угля.

На 1-июня всемирный День защиты детей Аппаратом акима Жанашарского сельского округа была организована раздача мороженого.

1 октября в честь празднования Дня пожилых людей, 65 пожилыми людям от имени акима сельского округа и индивидуальных предпринимателей были розданы продуктовые пакеты.

От имени аппарата акима Жанашарского сельского округа за активное участие в мероприятиях и спонсорскую помощь выражаем особую благодарность таким предприятиям, как АО АПК «Адал» и предпринимателям Наниеву Мамлуду, Наниеву Каре, Чикаеву Тавабиру, семье Матецких, депутату районного маслихата Рустамбекову Айдару и другим.

Мәдениет және спорт саласы

 

Бүгінгі күні Жаңашар селолық округінде 1 мәдениет үйі және 1 кітапхана жұмыс істейді. Сонымен қатар ұйғыр, түрік, славян этно-мәдени орталықтары да табысты қызмет атқарып келеді.

Үстіміздегі жылы халықтың рухани байлығын көтеру мақсатында біраз шаралар өткізілді. Сонымен қатар, жастардың арасында ұлтаралық татулықты нығайту, жастардың мәселесін шешу және зерттеу, аға-буын өкілдерінің тәжірибесін алу, отан сүйгіштікке баулу, тағы да басқа осы бағыттарға сәйкес маңызды шаралар ұйымдастырылып, жүргізілді. 

Өткен жылы Космос ауылдық мәдениет үйінде домбыра, би үйірмелері, стол теннисі, 6-20 жастағы жастар арасында бокс үйірмесі ашылды. Қазіргі таңда бокс үйірмесінде жүзден аса жастармен жаттығу өткізілуде.

2015 жылдың 22 ақпанында Жаңашар ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына орай округтегі славян этно-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен, округ әкімінің аппаратының, округтегі ұйғыр, түрік этно-мәдени орталықтарының, ауыл ақсақалдарының, округ белсенділерінің, округ тұрғындарының қолдауымен «Масленица» мерекесі аталып өтілді. Бұл мерекеге 1200-ге жуық адам қатысты.

Өткен жылғы Наурыз мейрамы Жаңашар ауылындағы жаңа стадионның алаңында үш ауыл бірігіп жоғары деңгейде аталып өтілді. Стадионға 5000-нан аса адам жиналды. Үш қазақ үй, жеті шатыр тігіліп, округ әкімінің аппараты, мектептер, этно-мәдени орталықтар өздерінің ұлттық тағамдарын, мерекелік дастархандарын жайып, халыққа наурыз көже ұсынды.

2015 жылдың 14-16 тамызы күндері аралығында Алматы облысы және Алматы қаласы әкімінің аппараттарының мәдениет, денсаулық, ішкі саясат басқармаларының қолдауымен Космос ауылындағы «Комсомол» көлінің аумағында Халықаралық Эко-Этно Фестиваль «FourЭ» фестивалі өтті. Фестивалға елімізден сонымен қатар шет елдерден барлығы 10 мыңға жуық адам қатысты.  

Бұнымен қоса жыл басынан бері мемлекеттік мейрамдар да кең көлемде аталып өтілді.     

Атап айтсақ: «8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні»,  «1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күні!», «9 мамыр - Ұлы Жеңістің 70 жылдығы», «1 маусым - балаларды қорғау күні!», «4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні!», «6 шілде - Астана күні», «30 тамыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы», «1 қазан – қарттар күні», «1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті  күні», «16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күні», «Жаңа жыл»  мерекелері жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

 Сонымен қатар жастар арасында спорт пен салауатты өмірді дәріптеуде түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып келеді. «Адал» АӨК АҚ-ның ауыл шаруашылығы жөніндегі директоры Игіліков Медетханның бастамасымен Космос ауылдық мәдениет үйінің спорт залында волейбол ойындары өткізілуде, жасы елуден асқан спортшылар арасында команда құрылған.

2015 жылғы футболдан өткізілген аудан командалары арасындағы аудандық жарысқа Жаңашар ауылынан бір команда, Космос, Базаркелді ауылдарынан бір команда қатысты және де  қазіргі таңда волейболдан өткізіліп жатқан аудан командалары арасындағы жарысқа Космос ауылынан «Космос» командасы қатысуда.

Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің бапкері Л.Орлов Қазақша күрестен және Дзюдодан шәкірттер тәрбиелеуде. 2015 жылы 1 шәкірті Қазақша күрестен халықаралық жарыстың чемпионы атанып, 1 шәкірті Дзюдодан республика чемпионы атанып, алтыннан алқа тақты. 1 шәкірті Қазақша күрестен  өткізілген «Жаз барысына» қатысып 3-ші орынды иеленді. Округімізде жыл сайын бұл спорт түрлері күннен күнге дамып келе жатыр.

Культура и спорт

На сегодняшний день в Жанашарском сельском округе осуществляют свою деятельность Дом культуры и библиотека. В прошлом году в ДК с.Космос открылись кружки по настольному теннису, домбре, танцам и боксу. Бокс посещают более ста человек в возрасте с 6 до 20 лет.

 С целью обогащения духовного развития  населения в течении текущего года были проведены ряд мероприятий, в которых активно принимали участие культурные центры округа, такие как, турецкий, уйгурский, славянский.  Наряду с этим, с молодежью была проведена работа по укреплению межнационального согласия и патриотического воспитания.

           В честь празднования 20-летия Ассамблеи народов Казахстана 22 февраля на площади перед зданием аппарата акима сельского округа был проведено празднование «Маслиницы», в котором приняли участие около 1200 человек.

         На территории нового стадиона с.Жанашар в празновании Наурыз мейрамы с трех сел нашего округа приняли участие около 5000 человек. 

 14-16 августа2015 года под руководством Алматинского областного и Алматинского городского акиматов был проведен Международный Эко-Этно Фестиваль «FourЭ», на котором приняли участие около 10 тысяч человек.

Государственные и национальные праздники, а именно: «8 марта Международный женский день», «1 мая День единства народов Казахстана», «9 мая День Победы», «1 июня День защиты детей», «4 июня День государственных символов РК», «6 июля День Астаны», «30 августа День Конституции»,«1 октября День пожилых людей», «1 декабря День Первого Президента», «16 декабря День Независимости», «Новый год»отмечены торжественно с концертно-развлекательной программой.

Среди молодежи в целях пропаганды здорового образа жизни проводятся различного рода спортивные мероприятия. По инициативе директора по сельскому хозяйству АО АПК «Адал» Игиликова Медетхана, была собрана команда по волейболу кому за пятьдесят, которая ежемесячно проводит соревнования по волейболув Доме культуры с. Космос.

Молодежь сельского округа создали свои команды по футболу и волейболу.

В 2015 году в районом турнире по футболу приняли участие две наши команды сборная «Жанашар» и «Космос», а также одна команда по волейболу «Космос».

Воспитанниками тренера СШ имени Т.Рысқулова по Қазақша күрес и дзюдо Орловым Л. в 2015 году были достигнуты хорошие результаты на Республиканских и областных соревнованиях, было занято много призовых мест.

Имеются среди них: чемпион международного соревнования по Казакша курес, чемпион республики по Дзюдо, и один из воспитанников завоевал третье место в турнире «Жаз барысы» по Қазақша курес.

Ежегодно растет интерес среди молодежи к этому виду спорта.

 

Байланыс жүйесі

            Округтің барлық ауылдары байланыс жүйесімен қамтылған. Оның ішінде: Жаңашар ауылында – 375, Космос ауылында – 200, Базаркелді ауылында – 50 үйде байланыс жүйесі бар. Сонымен қатар үш ауылға да ұялы телефон антенналары орнатылған.

Связь

          Все населенные пункты сельского округа обеспечены телефонизацией.            В том числе: с. Жанашар – 375, с. Космос – 200, с. Базаркелді – 50 абонентов.

          В трех селах установлены антенны мобильной связи.

Діни бірлестіктер

Жаңашар селолық округі бойынша бүгінгі күні 3 діни бірлестіктер жұмыс атқаруда. Оның 1 - мұсылман, 1 - католик, 1 - протестанттық бағытта. Аталған діни бірлестіктер «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қайта мемлекеттік-есептік тіркеуден өткізілді. Бүгінгі күні діннің қоғамдағы рөлі ерекше. Осыған байланысты жастардың теріс ағымға бейімделмеуі, дәстүрлі емес діни бірлестіктердің пайда болмауын, жалпы алдын-алу мақсатында округ жастарымен кеңес, дөңгелек үстелдер, пікір-таластар ұйымдастырылып өткізілуде.

Религиозные объединение

Религия имеет большое значение для общества. Для этого проводятся круглые столы, дебаты для сельской молодежи, на которых обсуждаются вопросы предотвращения нетрадиционных религиозных направлений и их воздействия.

На сегодняшний день в Жанашарском сельском округе работают                                3 религиозных общин. Мусульманского, католического и протестантского направления. Согласно законодательства Республики Казахстан данные религиозные общины прошли государственную перерегистрацию.

                         Демография саласы

2016 жылғы 01 қаңтардағы көрсеткіш бойынша халық саны 7200 адамды құрап отыр.

2015 жылы Жаңашар селолық округі бойынша 77 сәби дүниеге келді, қайтыс болған адамдардың саны - 51. Тіркелген адам саны – 102. Тіркеуден шыққан адам саны – 31.

Демография

Общее число населения насчитывает около 7200 человек. В текущем году в Жанашарском сельском округе количество новорожденных – 77, количество умерших – 51. Количество прибывших человек – 102. Количество выбывших – 31 человек.

Қоғамдық қауіпсіздік

Округ бойынша 1учаскелік полиция пункті жұмыс істейді. Аталған полиция пунктінде 4 учаскелік полиция инспекторлары 1 арнайы жарақтармен қамтылғанавтокөлікпен қызмет атқарады.

Правопорядок

Сельский округ обслуживают 4 участковых инспектора полиции,  имеется опорный пункт полиции, один служебный автомобиль оснощенный рацией. Также был выделен земельный участок под строительство нового опорного пункта полиции со служебным домом в с. Жанашар.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Осындай  ауқымды жұмыстар біздің округімізде іске асырылуына әрине ең біріншіден Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылғы Жолдауындағы тапсырмаларының жемісі, сондай-ақ облысымыздың басшысы Амандық Ғаббасұлы Баталовтың қолдауымен және аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы Ысқақтың беделі мен абыройының тікелей басшылығы деп білемін.

Біздің күнделікті жұмысымызда кемшіліктер жоқ емес. Бүгінгі күнде округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда әлі де атқарылатын қыруар жұмыстар бар.  Бүгінгі заман – бәсеке заманы. Бәсеке қашанда тынымсыз еңбекті, жаңашылдық пен біліктілікті, қатардан озып, алға түсуді талап етеді! Сондықтан «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші барлығымыз белсенді түрде атсалысып, округіміздің тұғырын биік көтеруде ауқымды іс-шараларды бірге асырайық дегім келеді.

Өз есебімді аяқтамас бұрын шын жүректен округ тұрғындарына, ардагерлерге, ақсақалдарға, оқу орындарының барлық ұстаздарына, жеке кәсіпкерлерге және осы залда қатысып отырған баршаларыңызға округіміздің өсіп-өркендеуіне көңіл бөліп, ат салысқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді.

 «Ел  үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар» - дегендей, барлығымыз да өз жеріміз Жаңашар селолық округінің өсіп-өркендеуіне үлес қосуымыз қажет!

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Қазақстандағы ауа-райы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру