Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарЖеке тұлғалардыңкірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау

Жеке тұлғалардыңкірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау

Мемлекеттік басым міндеттерінің бірі салықсалуды анық және сауатты басқару
болып табылады, өйткені елдегі салық саясатының тиімділігі осы үдерісті ұйымдастыру
деңгейіне байланысты. Салық салу - мемлекеттің ежелгі функциясы және қоғамның
экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі шартардың бірі. Халықаралық
тәжірибе көрсеткендей, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту мақсатында жеке
тұлғалардың кірістеріне салық салуды толық ауқымды әкімшілендіру мәселесін шешуге
арналған маңызды шарт халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей
декларациялау болыптабылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты көлеңкелі экономикамен және
сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді
бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:
- жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдістемелік негіздерін әзірлеу және
оларды заңнамалық қамтамасыз ету;
- жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге мемлекеттік
органдарды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу;
- кірістер мен мүлікті декларациялаудың халық үшін анағұрлым қолайлы рәсімін
жасау;
- жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кең ауқымда
ақпараттандыру;
- декларацияны толтыру және табыс ету бойынша халыққа мемлекет тарапынан
әдістемелік көмек көрсету;
- жеке тұлғалар декларациясын тиімді камералдық бақылау жүйесін құру болып
табылады.
Кірістерді декларациялау:
- көлеңкелі экономикаға қарсы тұруға;
- мемлекетті коргандарда сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендеуіне;
- салық базасын кеңейтуте және жеке табыс салығының бюджетке түсімін
арттыруға;
- қылмыстық іздестірулердің тиімділігіне;
- Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салықтық мәдениетін арттыруға
ықпал ететін болады.
Жалпыға бірдей декларациялау кейінге қалдырылды және 2021 жылдан бастап кезең-
кезеңмен енгізілетін болады.
Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен
олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың
жұбайларынан декларациялауды бастау ұсынылады.
Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік кәсіпорындардың
қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса
алғанда) және олардың жұбайлары.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – заңды тұлғалардың басшылары мен
құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары.
Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары.
Бұл ретте әрбір кезеңнің қорытындылары талданып, проблемалық мәселелер
анықталатынын және заңнаманы, әдіснаманы және ақпараттық жүйелерді жетілдіру
бойынша шаралар қабылданатынына тап өту маңызды.
Қазіргіу ақытта ҚР заңнамасына жалпыға бірдей декларациялауды кезең-кезеңмен енгізу
бойынша түзетулер дайындалуда. Олар белгіленген тәртіппен ҚР Парламентінің қарауына
енгізілетін болады.
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізген кезде жеке тұлғалардың декларацияларын
кім ұсынуға тиіс?
- Қазақстанның кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және тұруға ыхтиярхаты
бар адамдар;
- кәмелетке толмаған тұлғалар – тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі, олардың
атына тіркелген мүлкік, банктік шоттарда ақша сомасы, дебиторлық берешек және
(немесе) кредиторлық берешек болған жағдайда;
- шетелдіктер – Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында қатысу
үлесі болған жағадйда.
Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар қандай декларация нысандарын
тапсыруға тиіс?
Декларациялау жүйесіне енген кезде ктивтер мен міндеттемелер туралы
декларация ұсынылатын болады, онда меншік құқығындағы мүлікті, соның ішінде
пәтерлерді, машиналарды, банктердегі салымдарды міндеттемелерін көрсету қажет.
Кейіннен халық жыл сайын кірістер, сатыпалған мүлік туралы декларацияны
тапсыратын болады. Бұл ретте жыл ішінде еңбекақы, зейнетақы, стипендия алған және
басқа кірістерді алмаған немесе мүлігін сатпаған тұлғалар қандай да бір цифрларды
көрсетуінсіз бір парақтағы қысқаша декларацияны тапсыратын болады. Егер адамның
кірістері молырақ болса, ол толық декларацияны ұсынуы тиіс.
Декларацияларды ұсыну мерзімдері
Жеке тұлғалардың декларацияны электрондық түрде ұсынуын ынталандыру мақсатында
декларацияны ұсынудың 2 мерзімі көзделген:
- 15 шілдеге дейін – қағаз тасымалдағышта;
- 15 қыркүйектен кешіктірмей – электрондық түрде.
- Жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде қандай қосымша салық шегерістері
көзделген және олар қашан енгізіледі?
- Жеке тұлғалардың әлеуметтік
мүдделілігі мақсатында жалпыға бірдей
декларациялау шеңберінде қосымша салық шегерістері көзделген:
- көп балалы отбасылар үшін ата –ананың бірінің күнтізбелік жыл ішіндегі ең
төмен еңбек ақының 24 еселенген мөлшерінен артық емес көлемінде;
- оқуды төлеуге – күнтізбелік жыл ішіндегі ең төмен еңбекақының 10 еселенген
мөлшерінен артық емес;
- банктік қарыздар бойынша сыйақыны төлеуге – ең төмен еңбекақының 10
еселенген мөлшерінен артық емес;
- медициналық қызметтерге – күнтізбелік жыл ішінде белгіленген ең төмен
еңбекақының 10 еселенген мөлшерінен артық емес.
 
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8878618
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
21780
0
21780
8749464
116619
187110
8878618

Сіздің ІР: 35.175.191.72
Қазір: 2019-11-12 03:59:31
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру