Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам.

Қазіргі жағдайда сыбайлас жемқорлық мәселесі әлемдік ауқымдағы мәселеге
айналды. Ол барлық елдерге тән, олардың саяси экономикалық дамуына қарамастан, тек
ауқымдарға ғана ерекшеленеді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бірі
ретінде айқындалған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары.
«Сыбайлас жемқорлық» ұғымы азаматтарымыздың «мемлекеттікқызмет»
ұғымымен жиі байланысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстанда
мемлекеттік-саяси деңгейге қойылып, тікелей Мемлекет басшысы бақылауына алынған.
Республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін заңнамалық база,
атапайтқанда «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті күшейту және құқыққорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша
шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және т.б. қалыптастырылды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылтуралы» Қазақстан Республиксының Заңы
азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық
көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге,
сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және
жолын кесу және ашу жолымен мемлекттік функцияларды орындайтын мемлекеттік
органдардың, лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген
адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жауаптылықтың басталу
жағдайына бағытталған.
Енбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша
нақты ұйымдастыру және тәжірбиелік жұмыстар үнемі жүргізіледі. Қызметкерлер
заңдарды түсіндірумен, өзекті тақырыптар бойынша жарияланымдар мен белсенді түрде
сөз сөйлейді. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу бойынша үлкен
көңілбөлінеді. Басқармада ағымдағы заңнаманы зерделеу бойынша сабақтар, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары бойынша семинарлар тұрақты түрде
өткізіледі.
Әрине, сыбайлас жемқорлық - бүкіл қоғамның күресе алатын үлкен күрделі мәселе.
Енбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
есеп жүргізу, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімі