Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар02.09.2019 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан үзінділер

02.09.2019 жылғы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан үзінділер

СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН
ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ
I. ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ.
Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің
мүдделеріне сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.
Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына,
тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлемелдерінің тәжірибесінен көріп
отырмыз.
Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-
кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзегеа сыратын боламыз.
Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық
реформаларды іске асыру мүмкін емес. Бұл – біздің ұстанатын басты қағидатымыз.
«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет».
Біз бұл мақсатқа әлі де жете қойған жоқпыз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысқа бар
күш-жігерімізді салуымыз қажет.
Саяси жүйенің бұл формуласы мемлекет тұрақтылығының негізі саналады.
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ
міндет.
Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси
ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.
Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек.
Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау
жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажет.
Осы мақсатпен біз белгілі қоғам өкілдерін қамтитын Ұлттық қоғамдық сенім
кеңесін құрдық. Бұл кеңес ротациялық тәртіппен жұмыс істейді.
Алдағы уақытта бізге мынадай шараларды жүзеге асыру керек.
Бірінші. Партия құрылысы үдерісін жалғастыру.
Көшбасшымыз және партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында
«NurOtan» партиясы еліміздің жетекші саяси ұйымына жүктелетін күрделі әрі жауапты
міндеттерді дәйекті түрде іске асырып келеді.
Екінші.Халықпен тиімді кері байланыс орнату.
Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару
мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.
Президент Әкімшілігінде азаматтардан келіп түскен өтініштерді мемлекеттік
органдардың сапалы қарауын қадағалап, жедел шаралар қабылдайтын бөлім құрылды.
Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы
дайындығы бар жас кадрларды тарту қажет. Сонымен бірге 2020 жылдан бастап біз
мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, үнемделген
қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді ынталандыруға жұмсаймыз.
2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілердің және ұлттық компаниялар
қызметкерлерінің санын 25 пайызға қысқарту қажет.
Үшінші. Митингтер туралы заңнаманы жетілдіру.
Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар.
Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың
тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы
орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс.
Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң
шеңберінде тосқауыл қойылады.
Төртінші. Қоғамдық келісімді нығайту.
Әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның
бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты
шаралар қабылдау керек.
Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық
татулық пен дін аралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет.
Біздің ұстанымымыз: «Ел бірлігі – оның әр алуандығында!».
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының жетекші маманы Рузиева Р.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8731515
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
29463
0
29463
8639984
156626
252223
8731515

Сіздің ІР: 100.24.122.228
Қазір: 2019-10-23 22:37:18
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру