
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «Табиғи теріден жасалған
киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды
бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру
шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 519 қаулысына
сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және
даму министрінің, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің және
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығымен «Табиғи теріден
жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша
тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру Қағидаларын бекітілді және 2017 жылдың 20 қарашасында күшіне енетіндігін
хабарлайды.
Ол Кағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын
мемлекеттердің аумағынан Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 2015 жылғы 23
қарашадағы № 70 шешімімен бекітілген Бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауға
жататын тауарлардың тізбесіне (бұдан әрі – тауарлар тізбесі) енгізілген тауарларды әкелген кезде
заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер кедендік рәсімдерге орналастырғаннан және кедендік
тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасағаннан кейін көрсетілген тауарлардың
таңбалауын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тауарларды кедендік
рәсіммен орналастыру күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Тізбеге енгізілген тауарларды
таңбалауды жүзеге асырады.
Тізбеге енгізілген тауарлардың өңдірісі кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер екінші
деңгейдегі Эмитенттен дербестендірілген бақылау (идентификациялау) белгілерін алған күннен
бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде тауарлардың таңбалануын қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбаланған
тауарларды айналымнан әкету кезінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер бақылау
(идентификациялау) белгілерін жойған (бүліну, жоғалу) жағдайда, мұндай мәліметтерді «Тауарларды
таңбалау» Сервистік бағарламалық өнімге бақылау (идентификациялау) белгілері жойылған (бүліну,
жоғалу) күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде енгізеді.
Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін өткізілмеген тауарлары бар заңды тұлғалар мен дара
кәсіпкерлер СБӨ жұмыс істеген күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде СБӨ-ге
мәліметтерді табыс ете отырып, оларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды
жүзеге асырады.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша хабарласа аласыздар, тел: 8(72775)7-55-39 немесе
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ 7-55-39 , каб. №14.