Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарКелешекке – кемел біліммен

Келешекке – кемел біліммен

1Кешегі Шортанбай айтқан «Зар заман, зар заман, зарлап өткен бір заман» келмеске
кетті. Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, баһадүр бабаларымыз
бағындырды жер мен көкті, ерлігіне әлем бас иіп, атан түйе шөкті. Бұл өткеннің
өрнегі. Ендігі заман білімнің бәсекесі. Ақылы жеткенге қолы, көзі шалғанға жолы
түссін десеңіз, сананы сілку ләзім...
Хош, сонымен «Келешекке – кемел біліммен» тақырыбында өткен биылғы дәстүрлі
тамыз кеңесі цифрлы технологиялардың тоғысқан орнына айналған іспетті.
Аудандық мәдениет үйіне кіре-берістен ұзын-сонар заманауи үлгідегі көрме қойылған.
Әрбірі өз алдына бір материал боларлық дүниені таныстырды аудан әкімі Бинәлі
Ысқаққа. Бәр-бәрі небәрі бір жылда жеткен жетістіктер. ІТ технологиялар арқылы
қол жеткізілген роботтардың өзі түрлі тәсілдерді көрсетіп жатыр көпшілікке.
Көресің, мектеп оқушыларының осындай тың дүниелерге түрен салғанына риза
боласың. Мұның бәрі тәуелсіздіктің тартуы, Елбасы жүргізген сарабдал саясаттың
көрінісі. Сонымен аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет
Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев көрмелерді толық аралады.
Педагогтар қауымы осындай мүмкіндіктер туғызып отырған аудан басшысына
алғыстарын да жаудырып жатты. Не керек, «Білім саласы бір жылдың ішінде біраз
биікке көтеріліпті. Осындай заманауи технологияларды ойлап тауып жатқан
жастарды үздіксіз қолдау керек. Оларға барлық жағдай жасау – мына біздің
мойнымызда» деп оң көзқарас білдірді Бинәлі Әбдіқапасұлы.
Елордада өткен дәстүрлі тамыз конференциясына Ел Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаевтың қатысуының өзі ұлағат иелерінің мәртебесін еселеп арттырғаны ақиқат. Онда
Президент алда атқарылар жұмыстарды бағамдап берді. Сол секілді тамыз
конференциясында алғаш мінберге көтерілген аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес
Аманова өткенді таразылап, болашаққа жоба-жоспарды жүйелеп жеткізді.
Тәрбие бастауы – балабақша. Бұл тұрғыда ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен
99,1 пайыз бүлдіршіндер қамтылған. Демек, 100 балабақшаның 72-сі мемлекеттік-
жекеменшік әріп-тестік жетістігі. Әйткенмен, онда да біраз түйткілдер тұрғандығын ашық
айтты бөлім басшысы: – Бұл балабақшалардың дені Есік қа-ласында және қала
маңайындағы ауылдық жерлерде ашылуда. Әлеуметтік жағдайларға байланысты
балабақша ашу ісіндегі дисбалансжұмыспен қамту және миграцияға байланысты
сақталмай отыр. Әлеуметтік жағдайларды шешу мақсатында барлық балабақшаларға
көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары үшін ата-ана жарнасын жергілікті
бюджет есебінен төлеу құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар,жекеменшік мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарында стандарттық білім беру деңгейі ақсап тұр десем артық
айтқандық болмас. Кейбір балабақшаларда бала аман, қарны тоқ болса деген тоқмейілсу
баршылық. Кейде жекеменшік балабақша ашу – сапалы білім мен тәрбие көзі ме, әлде
бизнес көзі ме? деген ой туады. Сондықтан жекеменшік балабақша меңгерушілерінен
«жауырдан жаба тоқуды» қойып, баланың қалыптасуына негіз болатын оқыту мен
тәрбиеге басты назар аударуларын талап етемін.
Көрмеде көрсетілгендей, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі
ұйымдарға жолдама беру де толық автоматтандырылған. Осы арқылы ата-ана өтініштерін
электронды жолдау арқылы оның жолдамасын өзі алуға құқылы. Бұдан өзге ерекше
қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндер үшін де инклюзивті білім беру топтары ашылуда.
Бәтес Аманова білім бөлімінің бір жылдық жұмыс нәтижесімен таныстыруда
Жаңа оқу жылының басты жаңалықтарының бірі – 10 сынып оқушылары жаңа типтік оқу
бағдарламасымен тәлім алады. Сол секілді 12 жылдық білім беру бойынша 5-5-2 модуліне
көшу де басталды. Яғни, 0-5 бастауыш, 6-10 орта білім және 11-12 сыныптар профильдік
білім беру. Демек, соңғы екі жылда түлектер арнайы кәсіптік білім алып шығуға
дағдыланады. Осыған сәйкес балалар енді 6 сыныптан білім алуға міндетті.
Жаңа оқу жылының тағы бір жаңалығы – «Жеңіл портфель» жобасының іске асуы. Енді
оқушылар кітаптарын мектеп қабырғасында қалдырып, үйде электронды кітап
нұсқасымен тапсырма орындауға құқылы. Әлбетте, бұл ата-ананың қалауымен жүзеге
асады. «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері», «Графика және дизайн», «Алғашқы әскери
технологиялық дайындық» пәндерінің енгізілуі де осы оқу жылының жаңалығы.
Оқу – аса күрделі құбылыс. Ол үшін тынбай іздену, тыңғылықты үйрену қажет. Бұл ретте
барлық үміт – Ұстаз мойнындағы міндетте. Осындай міндет межесінен көрінген білім
ордалары да айшықтап аталды:
– Бәсекеге қабілетті, заман көшінен қалмайтын Рахат №1, Шелек №1, И.Шор-манов
атындағы, Абылай хан атындағы, Әл-Фараби атындағы, Т.Қабылов атын-дағы,
Көктөбе, Бөлек батыр атындағы, В.Терешкова атындағы, Қ.Орынбетов атын-дағы,
Д.Қонаев атындағы, Т.Рысқұлов атындағы, Х.Бижа-нов атындағы орта мектептері мен
«Байтерек», «Айжан», «Айгөлек», «Келешек», «Үміт», «Болашақ-2007», «Алтын-ай»
балабақшаларының ұстаздары шеберліктерін шыңдап, түрлі облыстық, республикалық
байқауларда жүлделі орындарды иеленуде.
Мұғалімдердің шығармашылық деңгейін көтеретін байқаулардан әр жыл сайын қатысып
жүлделі орындарды иелену көрсеткіші артуда.
Облыстық білім басқарма-сының тарапынан өтетін «Жыл-дың үздік ауыл мектебі-
2019» байқауына қатысқан Шелек №1 орта мектебінің ұжымы І орын, облыстық
«Жылдың үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында Шелек №1 орта мектебінің
мұғалімі ІІ орын, «Жылдың үздік балабақшасы» байқауында «Бәйтерек» балабақшасы 1-
орын иеленді.
Осындай ұстаздардан тәлім-тәрбие алған оқушыларымыз да
өз білімдерін,
қабілеттерін облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобаларда сынға салып,
жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтар болсам, ғылым негіздері бойынша пән
олимпиадасында – 50 оқушымыз, облыстық «Дарын» ғылыми жобасынан – 20
оқушымыз, облыстық «Зерде» шығармашылық байқауынан 7 оқушы жүлделі,
республикалық олимпиададан 0 – 6, халықаралық олимпиададан 2 оқушымыз жүлделі
орынға ие болды, – деді Бәтес Маратқызы.
Білім сапасы да көңіл қуантарлық. Үлгерім – 100 пайыз, сапа – 64,7 пайыз.. өткен жылмен
салыстырғанда (63,2 пайыз) 1,5 пайызға өскен. Биылғы жылы 1711 түлек орта мектепті
бітірді. Оның 106-сы «Алтын белгі», 111-і «Үздік аттестат» иегерлері. Түлектеріміздің
52 пайызы жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарына грантқа түскен.
Әйткенмен бұ-ған да сын көзбен қараған Бәтес Аманова: – Алайда, сапа емес, санды қуып
кеткен жоқпыз ба деген сауал көкейіңде тұрады. Қойған бағаларымыз қан-шалықты
шынайы? Біз балалары-мыздың білім мен дағдысын ұштау арқылы білікті-ліктерін
дамыту барысында шынайылықты естен шығар-мағанымыз абзал. Оқушылардың үлге-
рімі – білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші. Мектептегі оқушылардың
функционалдық сауаттылығының көрсеткіші 9 сынып оқушыларымен өткізілетін оқу
жетістіктерін сырттай бағалау рәсіміне 9 мектеп қатысты.ОЖСБ қорытындысы бойынша
орта буындағы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дәлірек айтсам,
функционалдық сауаттылық көрсет-кіштің төмендігі байқалады. Бұл дегеніміз – оқу
жүйесінің тиімсіз ұйымдастырылуы, негізгі пәндердің сапасыз берілуінен болып отыр.
Осы орайда білім мекеме басшыларына мектепішілік бақылау мен басшылықты ұйым-
дастырудың формасын өзгерту қажеттігін талап етемін. Сонымен қатар білім бөлімі
тарапынанда білім мекемелерінде жүргізілетін бақылау тәсілдері өзгертіліп, тексеру
әдістемелік көмек көрсетумен ұштастырып жүргі-зілетін болады, – деп ашып айтты.
Жарыссөзге шыққандар істелген істің нәижесін көріп, марқайды. Ұсыныс-пікірлерін
ортаға тілектерін жаудырды.
Б.ЫСҚАҚ жас мамандармен
Қазіргі таңда аудан бойынша білім саласына қарастырылған бюджет тағы да үш млрд
теңгеге артып, 16 млрд теңгеге жеткен. Сәйкесінше, бес жыл ішінде 9 жаңа мектеп, 2
балабақша, екі мектепке қосымша 300 орындық жапсаржайлар салынып, 12 білім ордасы
күрделі жөндеуден өткен. Осынау ауқымды жұмыстарға жұмсалған қаржы көлемі 15 млрд
теңге. Осы жылдың өзінде А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне 499 млн теңгеге
күрделі жөндеу жүргізілуде. Ж.Қайыпов атындағы, И.Шорма-нов атындағы, Екпінді,
Төле би атындағы, Сарыбұлақ, Ақтоған, Қайрат, Казатком, Өрнек, Базаргелді
мектептерінің бүгінгі таңда хәлі мүшкіл. Аталған оқу ошақтарына жаңа ғимарат салу
жұмыстары 2020-2021 жылдары жүзеге асады деген жоспар бар. Осы турасында кеңінен
әңгімелеген аудан басшысы:
Қазақстан Республикасы
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында шағын жи-нақты мектептерді дамыту проблемасы басым
бағыттардың бірі болып белгіленіп, ерекше көңіл бөлінген. Ауданымызда 9 шағын
жинақталған мектеп бар. Бұл мектептерде кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі.
Сондықтан аудандық білім бөліміне «Мобильді мұғалім» жобасын тәжірибеге енгізуді
ұсынамын.
Білім саласын сапалы материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету – білім саласын
өркендетудің маңызды факторының бірі.
Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы мемлекет қолдауының арқасында
жылдан-жылға нығаюда.
Оқушылар туындысы
Биылғы жылы осы мақсатқа 274 млн 869 мың млн теңге бөлініп, ел игілігіне жаратылды.
Мектебі жоқ 9 елді мекеннен оқушылар тасымалдап оқытылады. 84 мектептің 65-де
(77,3%) ыстық тамақ ұйымдастырылған. Барлық мектептерде әлеуметтік қорғал-маған
және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Асханасы жоқ 9 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған. Осы жылы 3179
көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 1-4 сынып балаларын ыстық тамақпен
қамтамасыз етуге 71 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жаһандық білім кеңістігіне кіру үшін маңызды тағы бір шара – цифрлық сандық жүйеге
ену. Бұл бағытта да атқарған шараларымыз баршылық. Bilimland.kz сандық ресурсы 13
(16%) мектепке қолжетімді.
Кең жолақты интернетке 84 (100%) мектеп, «Күнделік» жүйесіне 80 (96%) мектеп
қосылған.
«Мектепке электронды жазылу» жобасына ауданымыздағы 84 мектеп қосылды. Бұл
шараға да қомақты қаржы бөлініп, игерілді.
Бүгінгі күні ауданымызда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға 41 арнайы маман
(логопед, дефектолог) түзету сабақтарын жүргізуде. Ерекше білім беру қажеттілігі бар
балаларды инклюзивтік біліммен қамту балабақшаларда – 4, мектептерде – 41 пайыз.Біз
алдағы уақытта арнайы мамандар штатын бөлу арқылы инклюзивтік біліммен қамту
көрсеткішін арттыру және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жан-жақты қолдау
көрсету жұмыстарын жалғастыратын боламыз.
Елбасы ұсынған «Ел үміті» атты екінші бастамасы жас таланттар мен көшбасшыларды
қолдауға, оның ішінде кіші қалалар мен ауыл балаларының әлеуетін ашуға арналып отыр.
Қазіргі уақытта осы екі бастаманы жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Залдан көрініс
Осыған орай, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі басшысы (Б.М.Амановаға), аудандық
аурухананың бас дәрігері (Ж.Әбеуоваға), экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім
басшысы (Б.Мушаеваға), жастар ресурстык орталығының жетекшісі (А.Ілебаевқа) Елбасы
ұсынған «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды
жандандыруды тапсырамын.
Екінші,біз бірлесе күресіп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру
бағытында аянбай еңбек етуіміз керек. Білім, ішкі саясат, жастар, полиция басқармасы,
Есік қаласы және ауылдық округ әкімдеріне
жастар мен жасөспірімдер
арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидке бару-дың алдын алу бойынша
жүйелі жұмыс жүргізуді талап етемін, – деді.
Конференция қорытынды-сында аудан, облыс әкімдерінің Алғыс хат, Құрмет
грамоталары, білім басқармасы мен аталмыш бөлім дипломдары таныстырылды.
Айшықты айтарымыз, В.Терешкова атындағы мектеп директоры Әлия Жарықбасова
«Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгіні» кеудесіне тақса, Рахат №1 орта мектеп директоры
Бибігүл Букаева «Қазақстанның білім беру ісінің үздігі» атанды.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
1
 
1
 
1
 
1
 
1
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8526920
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
28375
0
121325
8393060
204254
254380
8526920

Сіздің ІР: 34.226.234.20
Қазір: 2019-09-21 07:02:41
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру