Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН
ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ.
 
Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына
байланысты.
II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
Әл-ауқатымыздың екінші бір сипаты – өмір сүру деңгейінің артуы.
Білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және
қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.
Осыған орай, Үкімет әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға мән бере отырып,
бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауға тиіс.
БІРІНШІ. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден
жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет.
Қаржыландыруды халыққа қызмет көрсету сапасын елеулі түрде арттыруды қамтамасыз ететін
тиісті реформаларды жүзеге асыру үшін бағыттау керек.
ЕКІНШІ. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек.
Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден
қалыптасады.
Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және
командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.
Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да
қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажет.
Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, биыл тиісті «Жол картасын» әзірлеуі керек.
ҮШІНШІ. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың
орындалуына баса назар аударған жөн.
Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін
бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады.
Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс.
Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби
диагностика жүргізу маңызды.
Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға
мүмкіндік береді.
Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды
бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және
басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын.
Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің
үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер
үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге
қарастыруды тапсырамын.
ТӨРТІНШІ. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп
санаймын.
Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті
қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан
арашалауға тиіс.
БЕСІНШІ. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау сапасына қатысты
талаптар күшейтіледі.
Біз гранттардың санын көбейттік, енді жауапкершіліктің кезеңі келді.
Жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің
жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы.
Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет.
Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев
Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы
әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызды.
Қазіргі білім инфрақұрылымының базасында Назарбаев Университетінің үлгісімен өңірлік жаңа
жоғары оқу орнын құру қажет деп санаймын.
АЛТЫНШЫ. Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды
компоненті болып саналады.
Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді
болуын қамтамасыз ету қажет.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019
жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік
медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын.
Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды
қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс.
Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға,
кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін
пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау
керек.
Осылайша біз көптеген адам өмірін сақтап қаламыз.
ЖЕТІНШІ. Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың
қолжетімділігін арттыру қажет.
Үкіметке және әкімдерге кем дегенде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды
тапсырамын.
Сондай-ақ, қолданыстағы, әсіресе мектептердегі спорт ғимараттарын тиімді пайдаланып, дене
шынықтырумен айналысу үшін аулаларды, парктерді, саябақтарды жабдықтау қажет.
СЕГІЗІНШІ. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл – қазақстандықтар сапалы азық-
түлікті пайдалануға тиіс деген сөз.
Бүгінде халықты сапасыз әрі денсаулыққа және өмірге қауіп төндіретін тауарлар мен көрсетілетін
қызметтерден қорғайтын тұтас саясат жоқ.
Үкіметке шаралар қабылдауды және осы жұмысты ретке келтіруді тапсырамын.
Келесі жылдан бастап Тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау
комитеті жұмысын бастауға тиіс.
Оның қызметі, ең бастысы, азық-түлікке, дәрі-дәрмекке, ауыз суға, балалар тауарына,
медициналық қызмет көрсетуге сараптама жүргізуді қамтитын болады.
Бұл үшін заманауи зертханалық базаны қамтамасыз етіп, білікті мамандар штатын қалыптастыру
қажет.
Бұл орайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық ұйымдарды институционалды
тұрғыдан күшейтіп, оларды белсенді пайдаланған жөн.
Біз әрдайым бизнеске көмек көрсетеміз, бірақ адам, оның құқықтары мен денсаулығы
маңыздырақ.
Мемлекет әкімшілік кедергілерді азайту барысында көптеген тексерістен, рұқсат беру және басқа
да рәсімдерден бас тартты.
Сондықтан, ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі үшін
бизнес қоғамдастығы да жауап береді.
Жалпы, бизнес пайда табуды ғана емес, сондай-ақ, мемлекетпен бірлесіп азаматтарымыздың
қауіпсіздігі мен жайлы тұрмысын қамтамасыз етуді де ойлауы керек.
* * *
Халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсету ісі тұрғын үй жағдайын жақсарту, еліміздегі кез
келген елді мекенде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру сипатындағы мол мүмкіндіктермен үйлесімді
түрде толыға түсуге тиіс.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның
Заң бөлімінің басшысы Тураров А.А.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8526923
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
28378
0
121328
8393060
204257
254380
8526923

Сіздің ІР: 34.226.234.20
Қазір: 2019-09-21 07:03:05
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру