Электрондық шот-фактура

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 12 қазандағы
Жарлығымен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда
ұйымына(ДСҰ) кіруі туралы хаттама ратификацияланды және 2015 жылғы
желтоқсанда біздің еліміз ДСҰ-ның толыққанды мүшесі болды.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінің негізгі шарттары болып табылады, оның
ішінде бірқатар тауар позициясы бойынша тарифтік міндеттемелер – "алулар
тізбесі" болып табылады, олардың ДСҰ жағдайларында әкелу мөлшерлемесі
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі шеңберінде
қолданыстағы кедендік баждардан төмен. (Тауарлар тізбесі Еуразиялық
экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59
шешімімен бекітілген.
ЕАЭО мүше мемлекеттерге ДСҰ шеңберінде төмендетілген кедендік
баждар бойынша әкелінген тауарлардың кері экспортын болдырмау
мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9
желтоқсандағы № 640 бұйрығымен "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде оларды өткізу
кезінде жекелеген тауарларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі
Нұсқаулық" бекітілді., салық төлеуші тауарларды "алу тізбесінен"
импорттаған кезде және осы тауарларды ел ішінде өткізген кезде
"электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ)
электрондық шот-фактура жазып беруге міндетті.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, " Алулар тізбесіне "енгізілген
тауарларды сатып алу және өткізу кезінде ЭШФ қатысушысы болу және
порталда электрондық түрде шот-фактура жазу қажет екенін хабарлаймыз
https://esf.gov.kz ескерту . пароль : Аа123456 ( ағылш.)
"Алып қою тізбесіне" енгізілген тауарларды өткізуді есепке алу тәртібін
сақтамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 280-1-
бабына сәйкес әкімшілік жаза қарастырылғанын атап өту қажет.
ДСҰ кіру шеңберіндегі барлық нормативтік-құқықтық актілер, сондай-
ақ "алып қою тізбесі" тізімі ҚР Мемлекеттік кіріс комитетінің сайтында мына
мекен-жай бойынша қолжетімді: http://kgd.gov.kz ДСҰ бөлімінде.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының
жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің
бас маманы Қасымбаев Қ.А