Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

                         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл жөніндегі уәкілетті органның сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 
алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге 
бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері өздерінің 
қызметтік міндеттерін орындау кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" 
Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге
де заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктерге ие болады.
      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі).
        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган 
мынадай функцияларды:
      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік 
құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті
шегінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды;
      2) осы Заңға сәйкес, мемлекеттік органдар, ұйымдар және 
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық 
құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды 
анықтауды;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдар, 
ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас
жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және 
жою жөнінде ұсынымдар енгізуді;
      4) жыл сайын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық 
баяндаманы, әрі қарай Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну 
үшін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді;
      5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша
шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал 
ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік 
органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 
орындауын мониторингтеуді;
      6) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 
тәркіленген және қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған 
мүліктің өткізілуіне мониторингті жүзеге асырып, оны мемлекет кірісіне 
айналдыру туралы ақпаратты әдетте кейіннен жариялауды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың оң тәжірибесін зерделеуді 
және таратуды;
      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында 
білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдауды;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және 
түсіндіру қызметі, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша 
білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл субъектілеріне жәрдемдесуді және әдістемелік көмек көрсетуді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган 
қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, 
жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды;
      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша 
халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысуды, сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті
органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, өз өкілеттіктері шегінде 
халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуды;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды 
жүзеге асырады.
       Ескерту.   20-бапқа   өзгеріс   енгізілді   -   ҚР   06.04.2016  №   484-V
Заңымен   (алғашқы   ресми  жарияланған   күнінен   кейін   күнтізбелік   он   күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
мәжбүрлеп өндірү бөлімінің жетекші маманы
Малшиев Е.Б.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8923294
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
66456
0
66456
8844303
161295
187110
8923294

Сіздің ІР: 34.204.173.36
Қазір: 2019-11-18 15:51:09
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру