Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

288-бап. Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды
адамдарының заңды талаптарын орындамау
 
       1  Салық төлеушінің  мемлекеттік  кіріс  органдары мен олардың лауазымды
адамдарының заңды талаптарын орындамауы –
      ескерту жасауға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-
жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік
кіріс органының лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру –
      қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       4  Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген,  әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан
кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның
Заң бөлімінің басшысы Тураров А.А.
Menu