«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін электрондық түрде алу

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет түрін Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік
корпорациясына» жүгінгенде немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы
арқылы электрондық түрде өтінім бере отырып: www.egov.kz ала аласыз, бұл
аз уақыт алады.
Мемлекеттік қызмет 2 кезеңде көрсетіледі.
1 – кезең келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен
жер учаскесін таңдау актісін дайындау-28 (жиырма сегіз) жұмыс күн;
2-кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер – кадастрлық жұмыстар
қызметіне түпкілікті таңдау актісін келісу және төлеу кезінде – жер
учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару-22 (жиырма
екі) жұмыс күн.
Электрондық үкімет веб-порталы арқылы қызметті алу үшін:
1 Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру»
батырмасы бойынша өту.
2 Өтінімді толтыру, өтінімге жер учаскесінің орналасу сызбасын тіркеу.
3 ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңба).
4 Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) 24 жұмыс күні
ішінде келіп түсетін Сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
5 Төлем шлюзінің бетіне «төлеу» батырмасы бойынша өтіп, төлемді
жүргізу
6 «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде оң жауап берген жағдайда жер
учаскесін сатып алу (сатып алған жағдайда) және жылжымайтын мүлікке
құқықтарды тіркеу үшін алым төлеу.
7 Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы»
бөлімінде) қызмет
нәтижесімен танысу және құқық белгілейтін құжаттарды алу үшін жер
қатынастары бөліміне бару қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жер-кадастрлық жоспарды қоса
бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы қызмет
берушінің шешімі немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы
дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған
құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің)
дәйексіздігі анықталған жағдайда;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот
шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік
көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған
жағдайда;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті
көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен
мәліметтердің 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер
кодексінің 24-бабының 1-тармағының 2-бөлігінде және 6-тармағында, 43-
бабының 3-тармағының 6-бөлігінде және 6-1-тармағында, 49-2-бабының 6-
тармағының 2-бөлігінде, 50-бабының 2, 2-1 және 4-тармағында белгіленген
талаптарға сәйкес келмеуі.
Қосымша ақпаратты Ташкенсаз ауылдық округі әкімі аппаратынан,
Ташкенсаз ауылы, Батур Шәріпов көшесі, 14 мекен-жайынан немесе 8/72775/
25-2-16, 2-40-43 нөмірлері бойынша ала аласыздар.
«Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ