Әлеуметтік салық

Қазақстан Республикасы салық Кодексінің 485-бап. Салық мөлшерлемелері
1 Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық:2018 жылғы 1 қаңтардан бастап –
9,5 пайыз;2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
2 Дара кәсiпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтiк салықты
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын
айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн және айлық есептiк
көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді.
Осы тармақтың ережесі:
1) өздері осы Кодекстің 213-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды уақытша
тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушілерге;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара
кәсіпкерлерге;
3) есепті салықтық кезеңде кіріс алмаған адамдарға қолданылмайды.
3 Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын
төлеушілер үшін әлеуметтік салықтық мөлшерлемелер осы Кодекстің 61-тарауында
белгіленген.
Қазақстан Республикасы салық Кодексінің 486-бап. Әлеуметтік салықты есептеу
1 Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы осы Кодекстің 484-бабы 3-
тармағының ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің
484-бабының 2-тармағында айқындалған салық салу объектісіне осы Кодекстің 485-бабының
1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлемелерді қолдану арқылы айқындалады. 2
Оңайлатылған декларация негізіндеарнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда,
дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтік салықты есептеуді осы
Кодекстің
484-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне осы Кодекстің
485-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану арқылы жүргізеді. 3
Бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
есептелген әлеуметтік аударымдардың сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. 4
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін
жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтік салықты осы Кодекстің 709-бабының 9-тармағында
белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.5. Мемлекеттік орган немесе жергілікті
атқарушы орган өз шешімімен өздерінің құрылымдық бөлімшелерінің және (немесе)
аумақтық органдарының.6. Мемлекеттік мекемелер салықтық кезең үшін есептеген
әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленген еңбекке
уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы сомасына азайтылады. 7 Салықтық
кезеңде осы баптың 6-тармағында көрсетілген төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасы
есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен жағдайда, асып кеткен сома келесі
салықтық кезеңге ауыстырылады.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы
Қолдасбаев Қ.А.