Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарЕскерткіштер ескерусіз қалмайды

Ескерткіштер ескерусіз қалмайды

1Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің
құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен
өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені
мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде
маңызы зор мәдени мұрамыз болып табылады.
Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ ауданында жалпы саны 386 тарихи-мәдени
ескерткіштер бар. Оның ішінде 284 ескерткіш археологиялық, 102
ескерткіш архитектуралық ескерткіштер болып табылады.
Биылғы жылы ескерткіштерді қорғау мен сақтаудың тиімділігін артыру
мақсатында Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығымен
бірлесе отырып аудан бойынша барлық ескерткіштерге бақылау-барлау
жұмыстары жүргізілуде. Яғни ауданымызда орналасқан ең көне
ескерткіштерден бастап соңғы жылдары жаңа салынып мәдени
мұраларымыздың қатарына енген барлық қала және сәулет ескерткіштері,
археологиялық ескерткіштердің орналасу орындары мен бүлінбей сақталуы
барлығы дерлік қайта сүзгіден өткізіліп, мемлекеттік тізімге ілікпей қалған
мәдени мұраларымыз комиссия шешімімен арнайы мемлекеттік тізімге
алынатын болады.
Қазіргі кезде 34 архитектуралық ескерткіш, шелек ауылындағы тарихи-
өлкетану музейі, 200 археологиялық ескерткіш мемлекеттік тізіміне алынған
болса, қалған 84 археологиялық ескерткіш алдын-ала тізімде тұр. Былтырғы
жылы мемлекеттік тізімге ұсынылмай қалған 68 архитектуралық ескерткішке
жергілікті қала және ауылдық округ әкімдерімен төлқұжаттары жасалынып,
облыстық комиссияға ұсынылған болатын. Алдағы уақытта барлау нәтижесі
негізінде ұсынылған ескерткіштердің жай-күйі нақтыланып, мемлекет
қорғауына алынуы тиіс ескерткіштер қайта іріктелінетін болады.
Қазіргі уақытта Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау
орталығының қала құрылысы ескерткіштерін қорғау бөлімінің меңгерушісі
Оңғарбаев Серік Күмісбекұлы мен тарихи-мәдени мұраларды қорғау
бөлімінің меңгерушісі Адамжанов Жандос Ізбасарұлы бастаған топ
ауданымыздың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарымен бірлесе
отырып, ескерткіштер орналасқан барлық елді-мекендерді қала және
ауылдық округтің ескерткіштерге жауапты мамандарымен аралап, сараптама
жүргізу үстінде.
Барлау барысында анықталған жаңадан табылған археологиялық
мұралар есепке алынып, оларды жоюдан, бүлінуден қорғау мақсатында
кешенді түрде іс-шараларды жүргізу қолға алынатын болады.
Тізімге алынған әрбір ескерткіш орналасқан аумағына қарай, сол
жердің өткен тарихынан хабардар ететін, ұлт байлығының рухани қазынасы
екені баршамызға мәлім.
Ескерткіштерді түпнұсқа қалпында сақтау қазіргі таңда өзекті
мәселенің бірі болып отыр. Көптеген тарихи-мәдени мұралар жеке
тұлғалардың жауапсыздығынан өзгерістерге ұшырап, кейбір жағдайда
жойылып кету қаупі төніп отырады.
Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы жайында
көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков ағамыз «Қай
халықтың болса да рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен,
тарихи орындарынан танысудан басталатыны мәлім» деп жазған.
Ескерткіштерді қираудан, бүлінуден сақтау өткен көне замандарда да өткір
мәселенің бірі болып отырған. Мәдени құндылықтардың тоналуы, олардың
зақымдануы кез-келген елдің, халықтың тарихын, мәдениетінің күйреуіне,
жойылуына алып келеді.
Бұл тарихи-мәдени мұралар көне тарихтың куәсі, өткенімізден сыр
шертіп, бүгінгі күнге дейін сақталып, жетіп отырған ескерткіштерді қорғау
мен сақтау, оларды насихаттау әрбір азаматтың еліне, туған жеріне деген
жанашырлығы, мәдени мұраларға деген қамқорлығы болмақ.
 
1
 
1
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8234507
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
16146
0
16146
8129025
166221
235379
8234507

Сіздің ІР: 3.227.235.71
Қазір: 2019-08-19 16:51:23
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру