«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «электронды үкімет» веб- порталы арқылы " Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру " мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкіметтің"
www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Тапсырылатын құжаттар тізімі:
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі), оның ішінде жеңілдіктері
бар адамдар Мемлекеттік корпорацияға не көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды
ұсынады:
1)Стандарттағы 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
3) жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын, жеке тұрғын үй және саяжай
құрылысын жүргізу үшiн өтеусiз берiлген жер учаскесін сатып алу қажет болған
жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі.
Порталға:
1) Стандарттағы 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
2) жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын, жеке тұрғын үй және саяжай
құрылысын жүргізу үшiн өтеусiз берiлген жер учаскесін сатып алу қажет болған
жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Қызмет алу тәртібі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар
топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он
бес) минут;
3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.
5 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6 Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын
өзгерту туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі Стандарттың 10-тармағында
көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе)
қағаз түрінде.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің
уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қойылған электрондық
құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
7 Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесі - жексенбі және мереке күндерін
қоспағанда, жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі
үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
2) порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық
үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет алу үшін толық мәліметті Қ.Ұлтарақов ауылы, Абай көшесі, №1
мекен жайда немесе 8/72776/ 4-30-93 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Электрондық поштаның мекен жайы: masak This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты