Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар
кейін мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
порталда:
1) мемлекеттік қызметті алушының электронды цифрлы қолы қойылған
электронды құжаттар нысанындағы сұраныс;
2) мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке
басын куәландыратын құжат;
3) баланың туу туралы куәлігі (2007 жылғы 13 тамызға дейін туылған
жағдайда) немесе куәліктің сканерленген көшірмесі түрінде электронды
сұранысқа тіркеледі;
4) жеңілдікті растайтын құжат немесе мәлімет (мүгедектігі туралы
мәліметтерді ұсыну; ол бар болса мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекке
жолдама алу) – құжат сканерленген көшірме түрінде электронды сұранысқа
тіркеледі;
5) мекен-жай анықтамасы туралы мәлімет.
Мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстар болып табылатын
мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілдерінің біреуінің) жеке басын
куәландыратын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік
ақпараттық жүйелерден электронды цифрлы қол қойылған электронды
құжаттар нысанында портал арқылы алады.
Қаражота ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы Қ.Адильбекова.