Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан

Соңғы кездері әлемдік саяси және экономикалық трансформация үдерістері
күшейе түсті. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Мызғымастай көрінген
жаһандық қауіпсіздік жүйесінің тұғыры мен халықаралық сауда ережелері
бұзылуда. Жаңа технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек
ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды
күрделендіруде. Қаржы жүйелерінің мүлде жаңа архитектурасы түзілуде. Бұл
орайда қор нарықтары кезекті қаржы дағдарысына алып келуі мүмкін жаңа «сабын
көбігін» үрлеуде. Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде.
Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа
жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр.
Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның басшысы жұмыс
тәсілдерін өзгертуі қажет. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты
басымдыққа айналуға тиіс.
Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі
мен тұрмыс сапасына байланысты.
 
І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ
БІРІНШІ. Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы – 2020»
бағдарламасын іске қостық.
ЕКІНШІ. Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін
тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау
керек.
ҮШІНШІ. Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау
қаупінен қорғауды арттыра түсу керек.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі
қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың
айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырамын.
Сондай-ақ, негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс Қаржы
мониторингі комитетіне функцияларын бере отырып, Экономикалық тергеу
қызметін қайта құру қажет.
Біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұруымыз керек.
Мұнда жазалаушы ғана емес, сондай-ақ бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуын қолдау сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн.
Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы
әкімшілендірудің ашықтығын арттырады.
Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40
пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс.
Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап
салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай
отырып, шағын және орта бизнес үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді
тапсырамын.
ТӨРТІНШІ. Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі
экономикалық саясаттың негізгі элементі болуға тиіс.
БЕСІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек.
АЛТЫНШЫ. Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше
көңіл бөлген жөн.
ЖЕТІНШІ. Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін
күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
қажет.
Аталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуы жалақының өсуі мен жаңа
жұмыс орындарының ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттырады.
Бұл үдерістер әрдайым Үкіметтің басты назарында болуға тиіс.
 
II. ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ
БІРІНШІ. 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық
көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін
жеткізу қажет.
ЕКІНШІ. Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек.
ҮШІНШІ. Орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі
кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн.
ТӨРТІНШІ. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп,
қабылдау қажет деп санаймын.
БЕСІНШІ. Жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау
сапасына қатысты талаптар күшейтіледі.
АЛТЫНШЫ. Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-
күйінің аса маңызды компоненті болып саналады.
ЖЕТІНШІ. Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене
шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет.
СЕГІЗІНШІ. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы. Бұл –
қазақстандықтар сапалы азық-түлікті пайдалануға тиіс деген сөз.
Халыққа сапалы әлеуметтік қызмет көрсету ісі тұрғын үй жағдайын
жақсарту, еліміздегі кез келген елді мекенде жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру
сипатындағы мол мүмкіндіктермен үйлесімді түрде толыға түсуге тиіс.
 
III. ӨМІР СҮРУГЕ ЖАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ
БІРІНШІ. Сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй.
ЕКІНШІ. Еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету
қажет.
ҮШІНШІ. Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы
өзгерістер қажет.
ТӨРТІНШІ. Сот жүйесін одан әрі жаңғырту.
Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын
халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат
маңызды рөл атқаратын болады.
 
IV. АЗАМАТТАР СҰРАНЫСЫНА БЕЙІМДЕЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК
АППАРАТ
БІРІНШІ. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыру.
ЕКІНШІ. Осы күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол
болуына қол жеткізу керек.
ҮШІНШІ. Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады.
ТӨРТІНШІ. Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында
формализм мен бюрократияны азайту қажет.
БЕСІНШІ. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін реформалардың
жүргізілуіне бақылау механизмдерін күшейту қажет.
 
V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ
 
VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ
АТСАЛЫСУЫ
Қымбатты қазақстандықтар!
Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына
қосылуы – Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты. Біз қашан да заман сынына
тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының
арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де
талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін
алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір жолдауымда халықтың
әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін.
Қазіргі «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік
бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту.
Қазақстанның бағындыратын биіктері әлі алда. Осы жолда халық сенімі
рухымызды жігерлендіріп, бойымызға күш-қайрат дарытады. Сол сенімді ақтаудан
артық мұрат жоқ!
 
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының
заңды тұлғаларды әкімшілендіру
бөлімінің бас маманы
Газамова Г.А
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8535117
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
36572
0
129522
8393060
212451
254380
8535117

Сіздің ІР: 34.231.247.139
Қазір: 2019-09-22 08:19:13
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру