Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарМемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ.

Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс
сапасына байланысты.
 
І. ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ
Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке
кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.
Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын
құра аламыз.
Біріншіден, Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28
мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын.
Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1
миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды.
Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта
есеппен 35 пайызға өседі.
Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард
теңге бөлу керек.
Осыған орай, енді, ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең
төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің
катализаторына айналады.
Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі
компаниялар қолдайды деп сенемін.
Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны
ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек.
Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі
табыспен қамтамасыз етіледі.
БІРІНШІ. Біз 2010 жылдың өзінде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске
қостық.
Өңірлерге жұмыс сапарым барысында мұның тиімділігіне көз жеткіздім.
Бағдарламаның қолданылу мерзімін 2025 жылға дейін ұзарту керек.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 миллиард теңге бөлуді
қарастыру қажет.
Бұл 3 жыл ішінде қосымша кемінде 22 мың жаңа жұмыс орнын ашуға, 224 миллиард теңге
салық түсіруге және 3 триллион теңгенің өнімін өндіруге мүмкіндік береді.
ЕКІНШІ. Экономикада бәсекелестікті дамыту және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер
саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау керек.
Коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы және
тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы әлі күнге дейін ашық емес.
Монополистердің инвестициялық міндеттемелеріне тиімді мониторинг пен бақылау
жүргізілмей отыр.
Үкімет 3 ай мерзім ішінде осы мәселемен айналысып, бәсекелестікті қорғау функциясын елеулі
түрде күшейте отырып, монополияға қарсы ведомствоның жұмысын реформалауы керек.
Бұл – маңызды мәселе, ол бизнес үшін кететін шығынның артуына, адамдардың нақты табысын
азайтуға әкеп соқтырады.
ҮШІНШІ. Бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен
қорғауды арттыра түсу керек.
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық
жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік
көрсеткішке дейін арттыруды тапсырамын.
Сондай-ақ, негізгі міндеті көлеңкелі экономикамен күрес болуға тиіс Қаржы мониторингі
комитетіне функцияларын бере отырып, Экономикалық тергеу қызметін қайта құру қажет.
Біз «қолма-қол ақшасыз экономикаға» бет бұруымыз керек.
Мұнда жазалаушы ғана емес, сондай-ақ бизнестің қолма-қол ақшасыз есеп айырысуын қолдау
сияқты ынталандырушы құралдарға да сүйенген жөн.
Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы
әкімшілендірудің ашықтығын арттырады.
Үкімет үш жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту
үшін нақты шаралар қабылдауға тиіс.
Бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі
сомасы төленген жағдайда, өсім мен айыппұлды алып тастай отырып, шағын және орта бизнес
үшін «салық амнистиясын» жүргізуге кірісуді тапсырамын.
ТӨРТІНШІ. Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық
саясаттың негізгі элементі болуға тиіс.
Үкімет өңдеу секторындағы экспорттаушыларға қолдау көрсетуге баса мән беруі қажет.
Біздің сауда саясатымызда селқостық болмауға тиіс.
Оған біздің тауарларымызды өңірлік және әлемдік нарықта ілгерілететін белсенді сипат дарыту
керек.
Сонымен бірге, халық тұтынатын тауарлардың ауқымды номенклатурасын игеріп, «қарапайым
заттар экономикасын» дамыту үшін кәсіпорындарымызға көмектесу қажет.
Бұл экспорттық әлеуетімізді жүзеге асыру тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ ішкі нарықты
отандық тауарлармен толтыру үшін де маңызды.
Үкіметке өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатымен алдағы 3 жылда
қосымша 500 миллиард теңге бөлуді тапсырамын.
Басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде
600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлуді тапсырамын.
Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, осы қаражаттың көзделген мақсатқа жұмсалуын қатаң
бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция
салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей
инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажет.
Сондай-ақ, көлік-логистика және басқа да қызмет көрсету секторларын ілгерілету жөніндегі
жұмыстарды жандандыру керек.
Бай табиғатымыз бен мәдени әлеуетімізді пайдалану үшін сырттан келетін және ішкі туризмді
дамытуға ерекше көңіл бөлу қажет. Үкімет қысқа мерзімде салалық мемлекеттік бағдарлама
қабылдауға тиіс.
БЕСІНШІ. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек.
Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын
2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту.
Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын елімізге заманауи агротехнологияларды ауқымды
түрде тартуға бағыттау қажет.
Біз икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы беделді
шетелдік мамандарды – «ақылды адамдарды» тарту арқылы саланы басқарудың үздік
тәжірибесін пайдалануымыз керек.
Ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту
жүйесін қалыптастырған жөн.
Үкіметке алдағы 3 жыл ішінде осы мақсаттарға жыл сайын қосымша кемінде 100 миллиард
теңге қарастыруды тапсырамын.
АЛТЫНШЫ. Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген
жөн.
Ең алдымен, «болашақтың экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар,
биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да
бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет.
Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады.
Үкіметке Назарбаев Университетімен бірлесіп, нақты жобаларды анықтай отырып, әрбір бағыт
бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырамын.
Университет базасында жасанды интеллект технологиясын әзірлеумен айналысатын ғылыми-
зерттеу институтын құру сондай жобалардың бірі бола алады.
ЖЕТІНШІ. Нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп,
ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет.
Бағаның өсуі, қаржыландыруға қолжетімділік, банктердің орнықтылығы – міне, осы мәселелер
көбіне қазір жұрттың қызығушылығын тудырып отыр.
Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторын және нақты секторларды сауықтыру,
инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуді бастауы керек.
Қалыптасқан жағдайда экономиканы, әсіресе, өңдеу секторы мен шағын және орта бизнесті
несиелендіруді ұлғайту өте маңызды.
Сондай-ақ, зейнетақы активтері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ресурстарын басқару
тиімділігін арттырып, баламалы қаржы құралдарын – құнды қағаз нарығы, сақтандыру және
басқа да салаларды нақты дамыту керек.
Бизнесті шетел инвестициясымен, капиталға қолжетімділікпен қамтамасыз ету ісінде «Астана»
халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаруға тиіс.
Біз жеке сотты, қаржы реттеуішін, биржаны арнайы құрдық.
Барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар осы алаңды белсенді пайдаланып, оның
тез қалыптасуына және дамуына атсалысуы керек.
* * *
Аталған шаралардың тиімді жүзеге асырылуы жалақының өсуі мен жаңа жұмыс орындарының
ашылуы есебінен қазақстандықтардың табысын арттырады.
Бұл үдерістер әрдайым Үкіметтің басты назарында болуға тиіс.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның
Заң бөлімінің басшысы Тураров А.А.
 
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8019117
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
1148
88513
89661
7916921
186210
208231
8019117

Сіздің ІР: 18.206.241.26
Қазір: 2019-07-17 11:05:36
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру