" Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін
растайтын анықтама беру " мемлекеттік көрсетілетін қызметі.
1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті кент, ауыл, ауылдық округтың әкімдері
көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық
емес акционерлік қоғамы;
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы;
4) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге, порталға
және Орталыққа құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап – 15
минут;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ
уақыты – 15 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ
уақыты – 20 минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық
автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының
атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын
анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз және (немесе)
электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті
алушы) тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде: www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында,
"Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер" бөлімінде;
2) ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне
сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы
қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден
18.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін
жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп
қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.";
3) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек
кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап
сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша,
жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі,
портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.
4) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық
үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы;
5) Орталықта – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес
12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен 8.30, 9.00-ден 18.00,
18.30-ға дейін;
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру
сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп
қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
Басқа да толық мәліметтерді Бөлек ауылдық округі әкімі аппаратынан ала
аласыздар, Мекен жайы: Саймасай ауылы, Хазиева көшесі 2А тел: 8 (72775)
36-2-34