Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар679-бап. Арнаулы салық режимiн таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібі

679-бап. Арнаулы салық режимiн таңдау және оны қолдануды тоқтату тәртібі

1 Осы бөлімнің осындай әрбір режимі үшін белгіленген, оны қолдану
шарттарына сәйкес болған кезде, арнаулы салық режимін таңдауды:
1) жеке тұлғалар – жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін осы
Кодекстің 79-бабына сәйкес жіберілетін хабарламада;
2) жаңадан құрылған заңды тұлғалар – әділет органдарында мемлекеттік
тіркеуден кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына уәкілетті
орган белгілеген нысан бойынша салық режимін қолдану туралы
хабарламада;
3) мыналарға: салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібінен патент
негізінде арнаулы салық режиміне ауысқан кезде – патент құнын есептеуде;
басқа да арнаулы салық режимдеріне ауысқан кезде – уәкілетті орган
белгілеген нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы
хабарламада жүзеге асырылады.
Егер жаңадан құрылған салық төлеушi осы тармақтың бірінші
бөлігінде айқындалған тәртiппен арнаулы салық режимiн таңдап алмаған
жағдайда осындай салық төлеушi қолданылатын салық салу режимi туралы
хабарлама бергенге дейiн салық салудың жалпыға бірдей белгiленген
тәртiбiн таңдап алды деп танылады.
2 Жаңадан құрылғанын қоспағанда, салық төлеушi арнаулы салық
режимiн қолдану шарттарына сәйкес келген кезде:
1) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен немесе шаруа
немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – патент
негiзiнде;
2) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, патент
негiзiндегi арнаулы салық режимiнен немесе шаруа немесе фермер
қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – оңайлатылған декларация
негiзiнде;
3) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбiнен, шағын бизнес
субъектiлерi үшiн басқа да арнаулы салық режимдерiнен,
сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық
режимдерiнен – тіркелген шегерім пайдаланылатын;
4) жалпыға бірдей белгiленген салық салу тәртiбінен немесе шаруа
немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiнен – ауыл
шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер үшiн арнаулы салық режимiне ауысуға
құқылы.
Осы Кодекстің 703-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда
шаруа немесе фермер қожалықтары қолданылатын барлық салық салу
режимі туралы хабарламада қолданылатын барлық салық режимдерін
көрсетеді.
3 Салық салудың осындай режимi үшін осы бөлімде белгiленген
хабарламада арнаулы салық режимін қолдану шарттарының сәйкес келмеуі
жағдайлары туындауын қоспағанда, таңдалған арнаулы салық режимi
күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертуге жатпайды.
4 Салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тәртiбіне ауысқан кезде
шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимiне кейіннен
көшу жалпыға бiрдей белгiленген тәртiптi қолданудың күнтiзбелiк бiр
жылынан кейін мүмкiн болады.
5 Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн талаптар
туындаған жағдайларда салық төлеушi жалпыға бiрдей белгiленген салық
салу тәртібіне немесе өзге де арнаулы салық режимiне көшу үшiн осындай
жағдайлар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын
салық салу режимi туралы хабарлама беруге мiндеттi.
6 Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны салық
төлеушілер тұрған жеріндегі салық органына қағаз жеткізгіште немесе
электрондық нысанда, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы
арқылы ұсынады.
7 Салық органы тиісті арнаулы салық режимiн қолдану үшiн осы
бөлiмде белгiленген шарттарға салық төлеушiлердің сәйкес келмеуi фактiсін
анықтаған кезде салық төлеушiлердi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке
ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында осындай фактілер анықталған
жағдайда салық органдары жалпыға бiрдей белгiленген тәртіпке
ауыстырғанға дейін салық төлеушiге осы Кодекстiң 114 және
115-баптарында белгiленген мерзімде және тәртіппен осы Кодекстің
10-тарауына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтар туралы хабарлама немесе камералдық бақылау нәтижелері
бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама жолдайды.
8 Таңдалған арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні:
1) дара кәсіпкер ретінде қызметiн бастағаны туралы хабарламада
таңдалған арнаулы салық режимiн көрсеткен жаңадан құрылған жеке
кәсіпкерлер үшін – салық органдарында дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне
қою күні;
2) осы бапта белгіленген мерзімде қолданылатын салық салу режимі
туралы хабарламаны ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін –
әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні;
3) басқа жағдайларда – қолданылатын салық салу режимі туралы
хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-күні болып табылады.
9 Осы баптың 8-тармағына сәйкес арнаулы салық режимiне көшкен
кезде арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бірдей
белгiленген тәртiбін қолдану – салық салудың қолданылатын режимі туралы
тиiстi хабарлама берiлген айдың соңғы күнiнен бастап тоқтатылады.
10 Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн
жағдайлар туындаған кезде салық төлеушіні арнаулы салық режимінен салық
салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібіне көшіру (ауыстыру) кезінде
салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібін қолданудың басталу күні
осындай жағдайлар туындаған айдың 1-күні болып табылады.
орын:Жумаханов М.М.
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ
ӨТ мен ЖК әкімшілендіру бөлімінің бас маманы
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

7841583
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
8676
111055
119731
7709317
216907
157827
7841583

Сіздің ІР: 184.72.212.254
Қазір: 2019-06-27 07:01:17
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру