Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2019 жылғы «02» мамыр
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке
табыс салығын қайтару туралы
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы
төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.
Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:
Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі
үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған
адам;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс
істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы
еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және
медальдарымен марапатталмаған адам;
I, II немесе III топтағы мүгедек;
мүгедек бала;
мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін - оның
ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына
әрбір осындай адам үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының,
қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - бала
асырап алушылардың бірі болса, Қазақстан Республикасының «Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі)
Кодексінің ережелеріне сәйкес Қордан берілетін зейнетақы төлемдері түріндегі
табыстарына, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге Салық
кодексінде белгіленген шекте жеке табыс салығы салынбады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 2017 жылғы 25
желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен
қосымша санаттағы адамдардың (жетім балаларды және ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бірі) табыстарына,
Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне және жерлеуге байланысты біржолғы
төлемдерге салық шегерімдері мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесінше Қор
төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынды.
Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау
мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қайтару үшін Салық
кодексіне түзету енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар
(Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика
министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және депутаттық
корпус қолдау көрсетті және ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019
жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы аясында бекітілді. Бұл Заңның нормалары 2018
жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған
байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1
қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар
зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары
қайтарылады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын
қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:
• табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты
біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш;
• табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың
көшірмелері.
Ұсталынған жеке табыс салығын қайтару жөніндегі өтініштің үлгісін
www.enpf.kz
сайтынан жүктеп алуға болады.
Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы
төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған
күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.
Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық
заңнамасында көрсетілген шекте табысты түзету немесе салық шегерімін
пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы
және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы
активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге
асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру
бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы
заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы
жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға)
зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ
www.enpf.kz
сайтында).
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

8039277
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
21308
0
21308
7916921
206370
208231
8039277

Сіздің ІР: 35.153.135.60
Қазір: 2019-07-22 04:05:49
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру