«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және «Электронды үкімет» порталы арқылы алу тәртібі

«Еңбекшіқазақ ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
хабарлайды:
Көрсетілетін қызметті алушы (не: заңды тұлғаның өкілеттілігін растайтын
құжат бойынша, жеке тұлғаның нотариалды расталған сенімхат бойынша
уәкілетті өкілі):
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін
қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес
нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін
талап етіледі);
3) жерге орналастыру жобасы;
4) мұнай және газды кейiн сақтау және көлiктiң басқа түрлеріне аударып
тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға байланысты,
мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы үшiн жер
учаскесі сұралған жағдайда Қазақстан Республикасының мұнай-газ
тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
органымен келiсу туралы құжат;
порталға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;
2) жерге орналастыру жобасының электрондық көшірмесі;
3) мұнай және газды кейiн сақтауға және көлiктiң басқа түрлеріне
аударып тией отырып, магистральды мұнай құбырларымен тасымалдауға
байланысты, мұнай-газ көлігі инфрақұрылымы объектiлерiнің құрылысы
үшiн жер учаскесі сұралған жағдайда, Қазақстан Республикасының мұнай-газ
тасымалдау көлігі инфрақұрылымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк
органымен келiсу туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Жұмыс кестесі:
Мемлекеттік корпорация - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына
сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап
сенбіні қоса алғанда, кестеге сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге
дейін.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі бекітілген жер учаскесін
қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасы (бұдан әрі бұйрық) не
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында
көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті
көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Толық мәліметті «Еңбекшіқазақ ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ
ала аласыздар. Мекен-жайы: Есік қ. Тоқатаев к. № 19б тел.87277542777