"Рухани жаңғыру - ұлы ұғым" байқау

1Жақында Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру"
бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 2 жыл толуына орай
Қаракемер ауылдық мəдениет үйінде жас жеткіншектер арасында
"Рухани жаңғыру - ұлы ұғым" атты патриоттық əндер байқауы
өткізілді.
Ауданымыздың түпкір-түкпірінен 30-дан астам жеткіншектер
қатысқан байқауға аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту
бөлімінің бас маманы Шарғынова Балауса Ақатайқызы, аудандық
ұйымдастыру бөлімінің, рухани жаңғыру саласына жауапты
жетекші маманы Коканова Динара Сембекқызы, Қаракемер
ауылдық əкім аппаратының жетекші маманы Лимтонова Жамиля
Серікқызы жəне Қаракемер ауылдық мəдениет үйінің директоры
Мамырбекова Арайлымның əділ төрелік жасады. Шара барысында
өнер додасына түскен талантты бүлдіршіндерді əділ қазы алқалары,
əнді мəнерлеп орындау, сахна мəдениеті, киім кию мəдениеті
бойынша бағалады.
Нəтижесінде талантымен тамсандырған «Үш бақытым» хоры
бас жүлдені иеленді. Жансая Ерқуатқызы мен Дильназ Абламитова
І орынға жайғасты. ІІ орын Рауан Қырғызбай мен Мақпал Тұрғанға
бұйырды.Үздік
үштікті Меруерт Садубақасова, Еркежан
Жұмағалым қорытты. Жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.
Ерқуат Оңашхан,
Қаракемер мәдениет үйінің
көркемдік жетекшісі