Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарЕрежесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен кездесу

Ережесіз жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен кездесу

1Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы округінде орналасқан «Grand Royal»
мейрамханасында ауыл жастарының ұйымдастыруымен ережесіз жекпе-
жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен кездесу өтті. Кездесуге
айтыскер ақын, "Құрмет" орденінің иегері, Филология ғылымдарының
кандидаты Балғынбек Имаш, айтыскер ақын, Мемлекеттік "Дарын" жастар
сыйлығының лауреаты, "Асыл арна" телеарнасының редакторы Сырым
Әуезхан, ауданның бас имамы Төреқұлов Сапархан Айдарханұлы, мектеп
оқушылары және көптеген қонақтар қатысты. Алаштың намысты азаматымен
кездесуге келгендердің қарасы көп болды. Округ тұрғындары ғана емес,
басқа да алыс-жақын ауылдық округтерден келген ағайында «Grand Royal»
мейрамханасына ағылды.
Бұл жүздесу жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануымен қатар ата-
ананы құрметтеу, имандылық, ізеттілік, адамгершілік секілді құндылықтарды
бойына сіңіру мақсатында өткізілді. Алғашқы сөз алған округ әкімі
Елеусізова Бота Серікқызына беріліп, ауылымызда иманды, тәрбиелі,
дарынды ұрпақтың өсіп келе жатқанын тілге тиек етті.
Келесі сөзді алған Ардақ Назаров
- Ассалаумағалейкум! Қасиетті жердің текті ұлдары мен қыздары, кездесуге
келген қадірлі қонақтар. Осы кездесуді ұйымдастырып, қолғабыс жасаған
ауыл жастарына ерекше ықыласпен ризашылығымды білдіремін,-деп сөз
бастаған Ардақ Құттықожаұлы жиналғандарға ата-ананы құрметтеу, елге
қызмет қылу, ұл мен қыз тәрбиесі, жақсы мен жаман, еңбек ету аясында
салиқалы әңгімесін өрбітті. Оқушыларға тарихта өткен батыр
бабаларымыздың ерліктерін баян етіп, тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен
келгеніне жіті тоқталды. Киелі даланы мекен еткен көшпенді
бабаларымыздың жауынгерлік ерліктері туралы тарихи қиссаларды
оқушыларға шебер жеткізген чемпион өзін тек спорттық жағынан ғана емес,
тарих пен әдебиет саласынан да біліктілігін көрсете білді. Зал толған ағайын
Ардақ Құттықожаұлының әр сөзіне мән бере, жасын да жасамысын да баурап
алған сөздер намысты шаншып, жігерге жігер қосатын өрелі ой кездесуге
келген әр адамның жүрегінен орын алды.
Жиналған қонақтарға концерттік бағдарламалар қойылып, ас беріліп,
кездесуге келген қонақтар өздерінің жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен
қатар кездесу барысында айтыскер ақындардың қатысуымен айтыс болды.
Балғынбек Имаш, Сырым Әуезхан, Қанат Мырзаханұлы, Ерқуат Оңашқан
сияқты ақындар жырдан шашу шашып, сөз көрігін қыздырды.
Төрт сағатқа созылған әсерлі кездесудің соңы ауылымыздың ақсақалы
Жаңаберген атамыздың берген батасымен аяқталып, ауыл тұрғындары
чемпионмен естелік суретке түсіп, көңілді тарқасты.
 
«Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» ММ
 
1
 
1
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

7728164
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
6312
53354
59666
7612141
103488
157827
7728164

Сіздің ІР: 34.207.78.157
Қазір: 2019-06-16 15:13:48
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру