Жемқорлыққа қарсы күрес.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір
тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып,
бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас
мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен
көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп
келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық
көрністерінің азаюы байқалады.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара
берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік
танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс
ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік
аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне
нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық
құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын
кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда
әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен
елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін
қызметкерлерінің айналысып отырғанын көрсетіп берді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар,
ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып
табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар беруі тиіс. Жемқорлық құқық бұзушылықты
хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске атсалысқан тұлға мемлекет қорғауында
болады.
Елбасы, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында
жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аударады.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз
сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан
қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.
Біздің міндет – халыққа қызмет!
Ел болып, сыбайлас жемқорлықты жеңейік!
 
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның
Заң бөлімінің басшысы Тураров А.А.