Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара

1Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Түрген ауылдық округі әкімі
аппаратының бастауымен А.Жексембеков атындағы қазақ орта мектебімен
Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен мектептің мәжіліс залында Кеңес
әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуын атап өту
мақсатында мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері, мекеме
басшылары, мектеп ұстаздары мен оқушылар қатысты.
Алғашқы сөзді алған Түрген ауылдық округінің әкімі Елеусізова Бота
Серікқызы адамзат тарихындағы Ауған соғысының алар орны жайлы
әңгімелеп, кездесуге келген ардагерлерді бейбіт күннің мерейлі мерекесімен
құттықтады, сол сұрапыл жылдарда көрсеткен ерліктері үшін алғыс білдіре
отырып, жерлестеріміздің Отан алдындағы борыштарын атқару жолындағы
жарқын жолдары жас ұрпаққа үлгі болып қала беретінін тілге тиек етті.
Мерекелік іс-шара оқушылардың соғыс ардагерлеріне сұрақ, пікір
алмасуымен жалғасты. Аталған мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға
ұласты. Мерекелік іс-шара соңында ардагерлер өз алғыстарын білдірді.
Аталған іс-шара жоғары дәрежеде өтті.
 
«Түрген ауылдық округі әкімі аппараты» ММ
 
1
 
1
1