2019 жылдың 29 қаңтар күні «Қаратұрық ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесінің ғимаратында ««DIGITAL AGENT» қосымшасымен шынайы уақытта мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға бер» атты ыпрезентация ұйымдастырылды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылғаны, аталған мобильдік қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеуге болатыны және «DIGITAL AGENT» қосымшасының артықшылығы – қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге болатыны туралы түсіндірілді.
Презентацияға 18 ауыл тұрғыны қатысты.
Презентацияға қатысқан ауыл тұрғындарына «DIGITAL AGENT» қосымшасын қолдану туралы брошюралар таратылды.
Қаратұрық ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Г. Кабулова