«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» КЕАК, сонымен қатар, www.egov.kz «Электронды үкімет» порталы арқылы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі
«Ават ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік копорациясы» КЕАК, сонымен қатар, www.egov.kz «Электронды үкімет» порталы арқылы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде мынадай құжаттарды ұсынады: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
- Мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге, порталға және Орталыққа құжаттардың топтамасын тапсырған күннен бастап – 15 минут;
- Мемлекеттік корпорацияда – 3 (үш) жұмыс күні (Мемлекеттік корпорацияда құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
3) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (не тиесілі еместігін) растайтын анықтама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.
4. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;
2) ауылдық округ әкімінде – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ғе дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет алу үшін толық мәліметті Ават ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №188 мекен жайда немесе 8/72775/ 64-2-16 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Электрондық поштаның мекен жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ават ауылдық округі әкімінің аппараты