Мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 18 қаңтар күні Есік қаласының Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (ХҚКО) ғимаратының жанында Есік қаласы әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және «Digital agent» қосымшасын жүктеу туралы мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеде аппарат мамандары қатысып, Есік қаласы әкімнің аппаратында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және «DIGITAL AGENT» мобильды қосымшасы туралы түсіндірілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Цифрлы агент» (Digital agent) мобильді қосымшасы іске қосылғаны, аталған мобильдік қосымшаны Play Market және App Store сервистері арқылы жүктеуге болатыны және «DIGITAL AGENT» қосымшасының артықшылығы – қызмет алушылар шынайы уақытпен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына баға беруге болатыны туралы түсіндірілді.
Жәрмеңкеге 100 аса адам қатысып, өздерін қызықтарған сұрақтарға тиісті жауаптарын алды, сонымен қатар, қалаған азаматтарға аппарат қызметкерлері «DIGITAL AGENT» мобильды қосымшасын жүктеп берді және мемлекеттік қызметтер көрсету туралы брошюралар таратылды.
Есік қаласы әкімі аппаратының
жалпы бөлім басшысы А.Болатова