Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы жастарға бір жылға міндеттер қойды

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларымен кездесу

67326 жасы бар киелі Еңбекшіқазақ ауданында жоғары білім беретін оқу орындары болмағанымен, кәсіптік білім беретін колледждер мен оқушылары республикалық, халықаралық дәрежеде жүлдегер атанып жүрген мектептер бар. 2016 жылдан бері осы аталған оқу орындарында және ірі кәсіпорындарда яғни жұмысшы, студент жастар арасында жастар ісі жөніндегі комитеттер құрылып, әр комитеттерге төрағалар мен мүшелері тағайындалған болатын.
Үстіміздегі жылдың 16 қаңтар күні сағат 14:00-де, аудан әкімдігінің ғимаратындағы кіші мәжіліс залында аудандық жастар ресурстық орталық жетекшісі Айбек Ілебаев Қасымханұлы аудан көлеміндегі мектеп пен колледж жастарынан құралған жастар ісі жөніндегі комитеттердің төрағаларымен кездесу өткізді. Жиынның күн тәртібінде мынадай мәселелер көтерілді: 1) 2019 яғни Жастар жылына арналған жұмыс жоспарлармен таныстыру; 2) «Жалын» студенттік жасағының жұмысын нақтылау және жүйелендіру; 3) Колледждерде «Сатушысыз дүкен» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізінде дүкен сөрелерін ашу; 4) Есік және Шелек өңірлері бойынша қайырылымдылық іс – шараларын ұйымдастыру («Жүректен жүрекке» концерті мен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы); 5)Жастар ісі жөніндегі комитеттердің жұмысын одан әрі дамыту, жүйелендіру (жастар ораталығына уақытылы есеп берілуі);         

Күн тәртібінде қаралған мәселелер туралы Айбек Қасымханұлы толықтай ақпарат беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды ортаға талқыға салды. Әр комитет төрағасы өзінің ой – пікірін білдіріп, өз комитетінің алға қойған жоспарымен және ауқымды іс – шаралары жөнінде толықтай ақпарат берді.

Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығы