Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарАлматы облысында 440 мың тонна тәтті түбір жиналды

Алматы облысында 440 мың тонна тәтті түбір жиналды

   Биылғы жылы Алматы облысында қант қызылшасының алқабы 11 мың 200 гектарға себіліп, жалпы өнім 32 процентке өсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

     Жиын барысында облыс әкімі қант қызылшасы өндірісін жандандыру Мемлекет басшысының Алматы облысының алдына қойған үлкен міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осы тапсырма аясында елді қантпен қамтамасыз етуде жыл сайын өндірілетін қант қызылшасының көлемін арттыру қажет. Бұл орайда мемлекет тарапынан едәуір қолдаулар көрсетіліп, алқаптарды ұлғайту мен қант қызылшасының өнімділігін арттыруға қажетті жағдайлар жасалуда. Келешекте инвесторлармен келіссөз жүргізе отырып тағы екі қант зауытын іске қосу жоспарланып отыр.

     Алматы облысында қант қызылшасын өсірудің қайта қар¬қын алғаны қуантады. 2017 жылы 380 центнерден 250 мыңнан астам тәтті түбір алынды. 2021 жылға қарай облыста бұл дақылдың егістігін 15,0 мың гектарға жеткізу көзделуде. Осы жылдары өнім дайындау көлемін 580 мың тоннаға дейін өсіруде жоспарланып отыр.

   Алматы облысында ауыл шаруашылығын дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы барған сайын кеңейіп келеді. Оның ішінде жүгері шаруашылығын озық технологияны енгізудің нәтижесінде 532 мың тонна өнім алынды, бұл соңғы 27 жылдағы рекордтық өнім.

   Панфилов ауданының фермерлері тамшылатып суғаруды енгізудің арқасында, әр гектардан 120 центнерге дейін өнім алды, бұл орташа облыстық көрсеткіштен 2 есе артқан.

   Жаркент крахмал-сірне зауытының қуаты жаңғыртудан кейін 10 мың тоннадан 135 мың тоннаға ұлғайды, жүгеріні қалдықсыз өңдеу циклі қамтамасыз етілді, өнімнің 27 түрін шығару жолға қойылды.

     Сондай-ақ Алматы облысы жаңа бағытты – өнеркәсіптік картоп шаруашылығын дамытуды қолға алды. Соның ішінде Кеген және Райымбек аудандарында картоптың элиталық сорттары 100 гектарға егілді. 2 сервистік дайындау орталығы құрылып, 21 бірлік техника сатып алынды.

     Алдағы уақытта 2020 жылға қарай егіс алқабы 4,5 мың гектарға жетіп, жоғары сортты картоптың 135 мың тонна тұқымы алынатын болады. Бұл жаңа ашылатын «Фармфритц» картоп өңдеу зауытын шикізатпен толық қамтамасыз етеді .

 

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Региональная служба коммуникаций Алматинской области

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

9105747
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
83069
0
83069
9010143
83069
260679
9105747

Сіздің ІР: 18.205.60.226
Қазір: 2019-12-09 01:17:19
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

1404
http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру