2018 жылдың 30 қараша күні Шелек ауылдық округінде, Мәдениет үйінде Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының (05.10.2018 ж. жарияланған) IV-бағытының ІІІ-тармағындағы Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресті жалғастыру туралы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015-2025жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында өткізілген ақпараттық түсіндіру жұмысына мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, колледж студенттері мен оқушылар қатысты. Шара соңында Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық жағдайына ақпараттық компаниялардың әсері деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.