Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарОрбұлақтағы орасан зор ерлікке - 375 жыл

Орбұлақтағы орасан зор ерлікке - 375 жыл

 Жаркент қаласында Тұңғыш Президент күніне орай және Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына байланысты «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, тарихшы ғалымдар, қаламгерлер, аудан жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-конференция өтті Дөнен бидің мөрі немересінің қолында сақталған Ұлттың ұлылығын ұлықтауға ұйыстырады- профессор «Ұлы жебе» мемориалдық кешені негізінен ақ мәрмәр мен граниттен дайындалды. Жобаның құны - 278,6 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер ұйым - «Kagan Engineering» ЖШС. Мемориалды кешеннің суретшілері - Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамхан, мүсінші архитекторы - Айдын Жайлаубаев. Мемориалды кешенді тұлпарлы батырлар бейнеленген барельеф, жоғарыға тік шаншылған жебе мен қалқан құрап тұр.

Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды 2018 жылғы 1 желтоқсан 15:28 320 Бөлісіңіз: ЖАРКЕНТ. ҚазАқпарат -  Бүгін Жаркент қаласында Тұңғыш Президент күніне орай және Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына байланысты «Ұлы жебе» мемориалды кешені ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Баталов, Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, тарихшы ғалымдар, қаламгерлер, аудан жұртшылығы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда Халел Досмұхамедовтың 135 жылдығына орай халықаралық ғылыми-конференция өтті Дөнен бидің мөрі немересінің қолында сақталған Ұлттың ұлылығын ұлықтауға ұйыстырады- профессор «Ұлы жебе» мемориалдық кешені негізінен ақ мәрмәр мен граниттен дайындалды. Жобаның құны - 278,6 млн теңге. Құрылысын жүргізген мердігер ұйым - «Kagan Engineering» ЖШС. Мемориалды кешеннің суретшілері - Ғазиз Ешкенов пен Айдар Жамхан, мүсінші архитекторы - Айдын Жайлаубаев. Мемориалды кешенді тұлпарлы батырлар бейнеленген барельеф, жоғарыға тік шаншылған жебе мен қалқан құрап тұр. «Орбұлақ шайқасы - қазақ халқының азаттық жолындағы тарихи оқиғаларының бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Орбұлақ пен Аңырақайдағы тарихи маңызды жеңістер Азаттықтың ақ туы астында желбіреді» деп тарих толқынындағы ерлікке толы ұлы оқиғаларды дәріптеуге ерекше мән берген болатын. Мемлекет басшысының жақында жарық көрген «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы да ұлттық тарихымызға терең үңілуге, халқымыздың өткеніне, бүгіні мен болашағына зор құрметпен қарауға үндейді. Орбұлақ шайқасы - сол Ұлы Дала тарихының бір парағы», - деді А. Баталов.

Облыс басшысы өз сөзінде кешеннің авторлары - Ғазиз Ешкенов, Айдар Жамхан және Айдын Жайлаубаевқа көпшіліктің атынан алғыс айта отырып, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыстады. Мұнан соң Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеев, жастар атынан Ернар Ерғали сөз алып, тарихи оқиғаның маңызы, оның бүгінгі күнге берер тәлім-тәрбиесі туралы сөз қозғады.
Мемориалды кешеннің шымылдығы ашылып, шашу шашылды, жиын ән-жырмен өрнектелді. Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған шара аудандық Мәдениет үйінде ғылыми-практикалық конференциямен жалғасты. Онда Талас Омарбеков, Берекет Кәрібаев, Нәбижан Мұхаметханұлы сынды тарихшы ғалымдар баяндама жасап, шайқастағы әскери әдіс-тәсілдер, оған қатысқан батырлар туралы тарихи деректерді молынан сөйлетті.

Самал Кабышева

     

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6815108
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
19602
0
66630
6735943
66630
139078
6815108

Сіздің ІР: 35.172.201.102
Қазір: 2018-12-15 15:32:57
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру