Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарХАБАРЛАНДЫРУ № 2

ХАБАРЛАНДЫРУ № 2

ХАБАРЛАНДЫРУ № 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының

8-тармағының 1)2 - тармақшасына сәйкес, 2018 жылғы қараша айының 19-і күні сағат 17-00-де Масақ ауылдық округі, Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында өткен жергілікті қоғамдастық жиынының күн тәртібінде: «Масақ ауылдық округіндегі, Қазтай Ұлтарақов ауылында орналасқан 15 көшенің (тізім бойынша) атауын өзгерту туралы тиісті аумақ халықының пікірін ескере отырып,көше тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қаралуына жолданатын болады.

Қазтай Ұлтарақов ауылы:

1. Жобаланған көшесі 1 – Керей хан                      

2. Жобаланған көшесі 2 – Жәнібек хан

3. Жобаланған көшесі 3 – Қасым хан

4. Жобаланған көшесі 4 – Абылай хан

5. Жобаланған көшесі 5 – Бауыржан Момышұлы

6. Жобаланған көшесі 6 – Сәкен Сейфуллин

7. Жобаланған көшесі 7 – Бейімбет Майлин

8. Жобаланған көшесі 8- Ильяс Жансүгіров

9. Жобаланған көшесі 9- Құрманғазы

10. Жобаланған көшесі 10 – Әл- Фараби

11. Жобаланған көшесі 11 – Райымбек батыр

12. Жобаланған көшесі 12 – Әлия Молдағұлова

13. Жобаланған көшесі 13 – Әлмерек Абыз

14. Жобаланған көшесі 14 – Мұқағали Мақатаев

15. Жобаланған көшесі 15 - Жібек жолы

Масақ ауылдық округінің әкімі             Е.Нурмаханов

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:

  1. Масақ ауылдық округі, Қазтай Ұлтарақов ауылында орналасқан ««Жобаланған -1» көшесінің атауын Керей хан , «Жобаланған -2» көшесінің атауын Жәнібек хан, «Жобаланған -3» көшесінің атауын Қасым хан, «Жобаланған -4» көшесінің атауын Абылай хан, «Жобаланған -5» көшесінің атауын Бауыржан Момышұлы, «Жобаланған -6» көшесінің атауын Сәкен Сейфулин, «Жобаланған -7» көшесінің атауын Бейімбет Майлин, «Жобаланған -8» көшесінің атауын Ильяс Жансугіров, «Жобаланған -9» көшесінің атауын Құрманғазы, «Жобаланған -10» көшесінің атауын Әл-Фараби, «Жобаланған -11» көшесінің атауын Райымбек батыр, «Жобаланған -12» көшесінің атауын Әлия Молдағулова, «Жобаланған -13» көшесінің атауын Әлмерек Абыз, «Жобаланған -14» көшесінің атауын Мұқағали Мақатаев, «Жобаланған -15» көшесінің атауын Жібек жолы көшесі деп өзгерту мақсатында, ауылдық округі әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.

               Төрағасы                                                               Р.Жақабаев

               Хатшы                                                                    Б.Естемесова

 

Түсіндірме жазбаша хат

Керей хан  (туған, өлген жылы белгісіз – 1473) – Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы.

Жәнібек хан (15 ғасырдың басы - 1470) - Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі.

 

Қасым хан (14451521) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы және Шайбанидтер мемлекетінің ханы Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі.

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 17711781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс ханБарақ ханӘз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан1910 жыл - 10 маусым1982 жыл) —Халық Қахарманы, жазушыЕкінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (15 қазан1894Ақмола уезіАқмола облысыРесей империясы - 25 ақпан 1939АлматыҚазақ КСРКСРО) - қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (1920-1925) (Премьер-Министр) қызметін атқарды.

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (15 қараша1894облысыТаран ауданы - 10 қараша1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Ілияс Жансүгіров (5 мамыр1894 жылАлматы облысыАқсу ауданы - 1938 жыл) — ақын ,қоғам қайраткері.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі

 

Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшылфилософсоциологматематикфизикастрономботаниклингвистлогикамузыка зерттеушісі.

Райымбек Түкеұлы (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Нарынқол ауданы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүзАлбан ішіндегі Алжан руының сырымбет тармағынан.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысыҚобда ауданыҚаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысыНовосокольники ауданыКазачиха ауылы, РКФСР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мергенефрейтор.

Әлмерек абыз (шамамен ХVI ғ-дың бас кезі, қазіргі Жамбыл обл. – XVIII ғ-дың басы) – батыр, шешен, көріпкел әулие.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан1931Алматы облысыРайымбек ауданыҚарасаз - 27 наурыз1976Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — ҚытайдыңШи-ан деген жерінен басталып, ШинжәңОрталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] Ұлы Жібек жолы-адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында VI ғасырдан бастап, екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып,Шығыс Түркістан Қашғар арқылы Жетісуға, содна Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6815077
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
19571
0
66599
6735943
66599
139078
6815077

Сіздің ІР: 35.172.201.102
Қазір: 2018-12-15 15:30:47
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру