Тасымалмен (такси қызметімен) айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік кірістер органдарына жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою.

 

   Енбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің тапсырмасын орындау мақсатында тасымалмен (такси қызметімен) айналысатын мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде жоқ жеке тұлғаларды тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Қызметін мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыру ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексінің) 79 бабына және «Салық төлеушілер» кодексінің 35 баптарын бұзушылық болып табылады және ол үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 463 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

       Осыған байланысты тасымалмен (такси қызметімен) айналысатын барлық салық төлеушілер, көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырған жағдайда Сіздер, Енбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына келіп жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұру керектігін хабарлайды.

      Тағыда назарларыңызға сала кететін жайт, Алматы облысының Ішкі істер департаментінің Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Ішкі істер басқармасы, әкімшілік полиция қызметкерлерімен тасымалмен (такси қызметімен) айналысып жүрген жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде жоқ, жеке тұлғаларға қатысты рейдтік тексерістер жүргізілуде және тіркеу есебіне тұрған жеке кәсіпкерлерге «Такси» белгісі бар арнайы белгі берілетінін ескертеміз.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Өндірістік емес төлемдерді және жеке

кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімі