Жалпыхалықтық диктант

 

Ағымдағы жылдың қараша күні сағат 11-00 – де республика бойынша «Жалпыхалықтық диктант» жазу шарасы өтті. Шараға ауданымыздың 17 мыңнан астам (15 жастан жоғары барлық азаматтар (мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері мұғалімдер, ата-аналар, мектеп оқушылары, балабақша қызметкерлері, студенттер, колледж мұғалімдері және тұрғындары) қатысып, латын графикасында диктант жазып, еліміздің рухани жаңғыруына бір кісідей атсалысты.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізінде өазаө әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Жалпыхалықтық диктанттың мәтіні            

Rýhanı jańǵyrý

Elbasynyń «Rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy – tarıhı qujat. Bul qujatta latyn álipbıine kóshý týraly naqty mindet qoıyldy. Jańa álipbı – jańǵyrýdyń qaınary. Álipbı arqyly ulttyq sana kúsheıedi. Álemde bolyp jatqan jańalyqtar osy jazý arqyly qabyldanady. Sondaı-aq bul álipbı qazaq tiliniń tól tabıǵatyn saqtaýǵa múmkindik beredi.

El bolashaǵy jas urpaqtyń qolynda. Latyn qarpine kóshý olardyń bilim jáne ǵylym jolyndaǵy izdenisterine jol ashady. Bul – Qazaqstan úshin damyǵan otyz eldiń qataryna qosylý baǵytyndaǵy ıgi qadam. Rýhanı jańǵyrý – qazaq eliniń jarqyn bolashaǵy.