Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

285-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы

      1. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алу үшін шоттарының бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздар қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, кастодиандардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын шарттар туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Коллекторлық агенттіктердің құқықтың (талап етудің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлға әкеп соғады.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ-ның

Заң бөлімінің басшысы Тураров А.А.