5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда резиденциясында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауы жарияланды.
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған жолдауды Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, жастар және БАҚ өкілдері тікелей эфирде қарады.
Сонымен қатар Есік қаласы мен ауылдық округтарда, білім беру орындарында, ірі кәсіпорындарда тікелей эфирде көрді.