Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарСалық салынатын айналым мөлшері.

Салық салынатын айналым мөлшері.

Егер осы бапта және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасында өзгеше көзделмесе, салық салынатын айналым мөлшері, мәміле жасасқан тараптары қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, оларға қосылған құн салығын енгізбей, өткізілетін тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер құны негізінде айқындалады.

   Тауарлар өтеусіз берілген кезде, сондай-ақ осы Кодекстің 230-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, салық салынатын айналым мөлшері, оларға қосылған құн салығы енгізілмей, өткізу бойынша айналым жасау күні қалыптасқан бағалар деңгейі негізінде айқындалады, бірақ олардың баланстық құнынан кем болмауға тиіс.

Осы тармақтың мақсаты үшін тауарларды өткізу күніне бухгалтерлік есепте көрсетілген тауарлардың құны баланстық құн болып табылады.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің салық салынатын айналым мөлшерi осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді орындауға пайдаланылған, сатып алынуы кезінде қосылған құн салығы есепке жатқызылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізінде айқындалады.

Бұл ретте тіркелген активтер салық салынатын айналымға енгізу үшін өтеусіз пайдалануға берілген жағдайда, олардың құны мынадай тәртіппен айқындалады:

Қ та = (ҚҚС са / Мпқ) * (Тн) / (ҚҚС%),

мұнда:

Қ та - өтеусіз пайдалануға беру кезінде салық салынатын айналымға енгізілетін тіркелген актив құны;

ҚҚС са - тіркелген активтерді сатып алу кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы;

М пқ - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған, күнтізбелік айлармен есептелген тіркелген активті пайдалы қолдану мерзімі;

Тн - есепті салықтық кезеңіне келетін, пайдалануға беру айларының нақты саны;

ҚҚС % - қосылған құн салығының пайдалануға беру күні қолданылатын, пайызға шаққандағы мөлшерлемесі.

Аванстар мен айыппұл санкцияларынан басқа, қосылған құн салығы салынатын өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша талап ету құқығын беру кезінде, беру жүргізілу бойынша талап ету құқығының құны мен салық төлеушінің алғашқы құжатына сәйкес талап ету құқығын беру күніне борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.

Осы Кодекстің 231-бабы 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда салық салынатын айналым мөлшері:

кәсіпкерлiк қызметті шектеу немесе тоқтату туралы шарт бойынша;

кредит (қарыз, микрокредит) беру туралы шарт бойынша сыйақы негізінде айқындалады.

Кепiл берушiге кепiлдіктегі мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi өткізілетін кепiлдiктегi мүлiк (тауар) құны негізінде оған қосылған құн салығы енгiзiлмей, айқындалады.

Тауарды бөліп-бөліп төлеу шарттарымен өткізген кезде салық салынатын айналым мөлшері, шарт талаптарында көзделген барлық тиесілі төлемдер ескеріле отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады.

Үшінші тұлғалар үшін төлеуге байланысты қызмет көрсетулер кезінде салық салынатын айналымның мөлшеріне комиссиялық сыйақы қосылады.

Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық салынатын айналым мөлшерiне акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомалары енгiзiледi.

Алыс-беріс шикізатын өңдеу бойынша қызметтер көрсететін, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетiн тауарды өндірушінің салық салынатын айналым мөлшерiне алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын осындай тауарларды берген кезде осы Кодекстің ережелеріне сәйкес төлеуге жататын (төленген) акциз сомасы енгізілмейді.

            Еңбекшіқазақ ауданды бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасының

бас маманы Газамова Г.А

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6587207
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26429
0
26429
6501342
125879
172307
6587207

Сіздің ІР: 54.161.77.30
Қазір: 2018-10-23 05:15:51
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру