Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары

ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары

         2018 жылдың 20 қыркүйегінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ында «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта Ашық есік күні өтті. Ашық есік күні аясында Алматы қаласы филиалының директоры Амренов Нурлан Слямбековичпен сұхбат жүргізуді жөн көрдік. Жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметтері туралы ақпарат берілді.

       Оның айтуынша, 1990 жылдары еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуінен кеңестік дәуірден мұраға қалған зейнетақы жүйесі жарамсыз болып қалды. Осылайша зейнетақы жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттігі туындады. Реформаның басты мақсаты – азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершілігіне негізделген әлеуметтік әділдік қағидатына сай жүйе қалыптастыру, яғни, әр азаматты зейнетақы жүйесіне қосқан үлесіне сай зейнетақымен қамтамасыз ету болатын.  

       Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылы маусым айында «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Сол жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылып, еліміздің зейнетақы жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнаған алғашқы жеке қорлар да ашыла бастады.

         Азаматтардың жинақтарын тиімді, қауіпсіз басқару мақсатында 2013 жылы МЖЗҚ-ның негізінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды (БЖЗҚ). Қазақстанның зейнетақы жүйесі ортақ, базалық және жинақтаушы бөліктерден тұрады. Бірлескен зейнетақы бұрынғыша екі көзден қаржыландырылып, мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады.

       Жүйені одан әрі жетілдіру «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі модернизациялау тұжырымдамасына» сай жүргізілуде. Осыған сай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жасы келуіне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемі барлығына бірдей емес: ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзіміне байланысты. Азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін енгізілген бұл өзгеріс базалық зейнетақыны екі есе өсіруге мүмкіндік береді.

   Бүгінде БЖЗҚ - Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай әкімгері және операторы. Қорда барлық келісім түрлері бойынша 10, 25 млн. жеке зейнетақы шоттары шоғырланған (2018 жылдың 1 қыркүйегіне). Олардың 9,75 млн-ы – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 464,8 мыңы – міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 39,8 мыңы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттар. Зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 8,8 трлн.

     Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының сомасы мен есептелген инвестициялық табыстың сұралған кезең аралығындағы көрсеткіші ЖЗШ-дан үзінді-көшірмеде көрсетіледі.

Шараға қатысушылар сонымен қатар өздерін толғандыратын жеке сауалдарына да жауап алды. БЖЗҚ Ашық есік күндері 2017 жылдың басынан бері өткізіліп келеді. Осы уақыттан бері шараға 24 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

«БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласындағы филиалы

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6832379
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
36873
0
36873
6735943
83901
139078
6832379

Сіздің ІР: 34.228.142.94
Қазір: 2018-12-19 15:55:49
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру