Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарБЖЗҚ-нан төленетін төлемдер

БЖЗҚ-нан төленетін төлемдер

 

«Зейнетақыжинақтарын кім жәнеқалай ала алады?» Бүгінде бұл ең жиі қойылатын сұрақтардың бірі болғандықтан, бүгін осы сұраққа тағы да жауап беруді жөн көрдік.  

Төлемдерді алуға кімдер құқылы?

Ең алдымен міндетті түрдегі зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарын алу құқығын қандай тұлғалар иеленетінін анықтап алайық.

Біріншіден, ол зейнет жасына толған тұлғалар: ерлер – 63 жас, әйелдер – 2018 жылы 58,5 жас. Әйелдердің зейнетке шығу жасы 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткенше жыл сайын алты айға ұзартылып отырады. Екіншіден, І және ІІ топтағы мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған адамдар. Үшіншіден, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, кету фактісін растайтын құжаттар ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар. Төртіншіден, мұрагерлер. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Мұрагерік құқығына ие тұлғалар 7 кезекке бөлінеді.

Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, асырап алған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi - тең үлеспен алады.

Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) некеде тұрмаған болса, балалары болмаса, ата-анасы қайтыс болған жағдайда, мұрагерлік құқығын екінші кезектегі туысқандары иеленеді. Сондай-ақ азамат өз мұрагерлерін көзі тірісінде өсиет қалдыру арқылы тағайындай алады.

Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі

Зейнет жасына толу, мүгедектік және шетелге тұрақты тұруға кету бойынша төлемдерін алу үшін салымшы (алушы) өтінішін Қор кеңсесіне өзі келу немесе сенімді тұлға арқылы, сонымен қатар пошта арқылы рәсімдеуіне болады. Биылдан бастап зейнет жасына толған азаматтар және мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген уақытына қарай I және II топтардағы мүгедектігі бар жандар жинақтарын алу үшін www.enpf.kz сайты арқылы онлайн тәртібінде өтініш беру мүмкіндігіне ие болды. Өтініш берудің екі жолы бар: біріншісі, сайттың Жеке кабинетіне тіркелу арқылы, екіншісі, электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтін қолдану арқылы өтініш беру.

Айта кетелік, зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты ғаламтор байланысы арқылы алатындар ғана Жеке кабинетте тіркеле алады. Ақпаратты басқаша жолмен алатындар алдымен жеке куәлігімен Қор жергілікті бөлімшесіне келіп, ақпарат алу тәсілін интернет-байланысына өзгертіп алулары тиіс. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаның өзекті кілті Халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдері

Зейнет жасына толған азамат зейнетақы төлемдерін алу үшін БЖЗҚ-ға келіп өтініш береді. Дегенмен таяу уақытта «Бір терезе» қағидаты енгізіледі. Яғни, ортақ зейнетақы мен зейнетақы жинақтарын төлеу туралы өтініш бір күні қабылданады және өтініште көрсетілген бір банк шотына аударылады. Бірақ бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен БЖЗҚ-дан зейнетақымен қамсыздандыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін ғана мүмкін болады. Тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенге дейін еш өзгеріссіз, яғни зейнет жасына толған адамдар өтініш қалдыруға ортақ зейнетақы бойынша Мемлекеттік корпорацияға, ал зейнетақы жинақтары бойынша БЖЗҚ-ға баруы қажет. Төлем бойынша БЖЗҚ-ға өтініш қалдыру үшін алушыда жеке басын куәландыратын құжат пен Банк шотының деректемелері болуы керек.

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдері

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін құжаттардың толық тізімімен және оларды рәсімдеу талаптарымен Қордың ресми сайтында «Қызметтер» - «Алушыларға» бөліміндегі «ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты «БЖЗҚ» АҚ төлемдерді ресімдеу тәртібі» және «Бланк үлгілері» бөлімдерінде танысуға болады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді қарау кезінде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары тарапынан ертеде берілген жеке куәліктердің жай-күйі туралы ақпаратты басшылыққа алады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсат беру туралы ақпаратты да қарастырады. Бұл ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында көрінеді. Егер жеке тұлғалардың деректер базасында құжаттардың мәртебесі «тұрақты тұруға кету» болса, қордан төлемдер жүзеге асырылады. ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін заңнамада қарастырылған тәртіп бойынша шетелге кетуді рәсімдеп, тек содан кейін барып БЖЗҚ-ға лайықты құжаттарды өткізу керек. (Құжаттар тізімі өтініш беру әдісіне байланысты өзгешеленеді).

Мұрагерлерге берілетін төлемдер

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда оның зейнетақы шотынан отбасы мүшесіне немесе жерлеу рәсімін жүзеге асырған адамға жерлеуге берілетін біржолғы төлем төленеді. Төлем сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінен аспайтын соманы құрайды. Ал салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы жинақтары осы сомадан кем болған жағдайда, шоттағы бар сома төленетін болады. Егер жерлеуге берілетін төлем төленгеннен кейін қайтыс болған адамның зейнетақы шотында республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын сома қалса, бұл сома жерлеуге берілетін төлеммен бірге төленеді. Осы төлем түрін алу үшін БЖЗҚ кеңсесіне жеке куәлікті және оның көшірмесін, қайтыс болу туралы куәлік пен оның көшірмесін және банк шоты бойынша деректемелерді алып баруы қажет.

Егер жерлеуге берілетін төлем төленгеннен кейін қайтыс болған адамның зейнетақы шотында жинақтар қалған жағдайда, бұл сома мұрагерлеріне төленеді. Ол үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне қарай (өзі жеке келу, сондай-ақ құжаттарды пошта немесе сенім білдірілген тұлға арқылы) құжаттарды өткізеді. Құжаттар тізімін БЖЗҚ сайтында келесі бөлімнен табуға болады: «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Алушының қайтыс болу жағдайына байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібі».

Зейнет жасына толуына, шетелге тұрақты тұруға кетуіне, мұрагерлікке және мүгедектікке байланысты төлемдер, ұсынылған құжаттар топтамасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келсе, өтініш қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ал жерлеуге берілетін біржолғы төлемдер өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Міндетті зейнетақы жарналарын аударудағы негізгі мақсат – зейнет жасында лайықты өмір сүру қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Сол себепті алу құқығына ие болғанға дейін зейнетақы жинақтарын басқа қажеттіліктерге пайдалануға, мысалы несиені өтеу, оқу ақысын төлеу, үй сатып алу және т. б. шығындарға жұмсауға болмайды.

«БЖЗҚ» АҚ Алматы қ. филиалы

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6832428
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
36922
0
36922
6735943
83950
139078
6832428

Сіздің ІР: 34.228.142.94
Қазір: 2018-12-19 15:57:50
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру