«Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ , сонымен қатар «Электронды үкімет» порталы арқылы «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті

1. Мемлекеттік қызмет көрсетуші: «Қырбалтабай ауылдық округінің әкім аппараты» ММ

2. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

3. «Электронды үкімет» порталы

                                                                    

Мемлекеттіқ қызмет паспорты

Мемлекеттік қызметті алу нысаны:

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде жеке куәлігінің түпнұсқасын (сәйкестендіру үшін) және осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады;
2) орталыққа өтініш жасаған кезде жеке куәлігінің түпнұсқасын (сәйкестендіру үшін) және осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады;
3) портал арқылы өтініш жасаған кезде осы стандартқа қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш ұсынады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап – отыз минуттан артық емес;
осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – он минуттан артық емес;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес;
2) орталыққа өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – жиырма минуттан артық емес;
осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген көрсетілетін құжаттар топтамасын тапсыру үшін жол берілетін ең ұзақ күту уақыты – он бес минуттан артық емес;
көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – он минуттан артық емес;
3) портал арқылы өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұрау салуды жіберген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін – он бес минуттан артық емес.
 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) орталыққа өтініш берген кезде – жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама;
2) портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама.

Толық мәліметті Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппаратынан ала аласыздар.

Мекен жайы: Қырбалтабай ауылдық округі. Қырбалтабай   ауылы, Райымбек көшесі № 18, тел: 8(72775)5-32-31

    Қырбалтабай ауылдық округі әкімінің аппараты