ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай–ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес 2018 жылдың 20 тамызы күні сағат 18:30-да Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында Шелек ауылындағы 11 көшеге тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру (тізім бойынша) туралы жиын өтіп, көше тұрғындары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар әзірленіп, облыстық ономастикалық комиссиясының қарауына жолданатын болады.

1 Арычный тұйық Көкөзек тұйық
2 Авангард тұйық Парасат тұйық
3 Дачный тұйық Саялы тұйық
4 Илийский тұйық Бастау тұйық
5 Кирпичный тұйық Ырысты тұйық
6 Ключевая тұйық Сәулет тұйық
7 Медицинская тұйық Көкжиек тұйық
8 Новосельский тұйық Шапағат тұйық
9 Садовый тұйық Игілік тұйық
10 Солнечный тұйық Мереке тұйық
11 Стадионная тұйық Мерей тұйық

Қабылданған қаулы:

Шелек ауылдық округіне қарасты Шелек ауылындағы 11 көшеге тарихи жер-су атауларын берумақсатында, ауылдық округі әкімінің шешімін шығару үшін қажетті құжаттар (түсіндірме жазбаша хат, экономикалық есеп-қисап т.б.) дайындалып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға жіберілсін.

Е.ЕСЕНХАНОВ

Шелек ауылдық округінің әкімі