ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы "Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" № 138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, 2018 жылғы 27 тамызда сағат 10-00-де Балтабай ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының мәжіліс залында тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Балтабай ауылдық округіндегі Ақбастау, Бірлік, Күш ауылдарында орналасқан 3 көшенің (тізім бойынша) атауын өзгерту туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

Ақбастау ауылы:

Новая-Төле би

Бірлік:

К.Маркс-Әйтеке би

Күш:

60 лет Октября-Ынтымақ

Түсіндірме жазбаша хат

1.Төле би - (1657-1756 жж.) Қазақстың аса көрнекті биі

2.Әйтеке би - (1644-1700 жж.) Қазақстың аса көрнекті биі

3.Ынтымақ - достық, татулық, бірлік деген мағынаны білдіреді.

         Балтабай ауылдық

округінің әкімі                            Ж.Мықыбаев