Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарЖер салығы бойынша мәлімет

Жер салығы бойынша мәлімет

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 497-бабының 1-тармағына сәйкес салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II (бұдан әрі – Жер кодексі) 1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес санаттарға бөлiнедi.

Жер кодексінің 1-бабының 2-тармағына сәйкес осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады.

Жер кодексінің 107-бабының 3-тармағына сәйкес елдi мекендердің жерi мынадай: тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық, өзге де функционалдық аймақтарға бөлінеді. Өзге аймақтарға, оның ішінде ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер кіреді.

Жер кодексінің 109-бабының 2-тармағына сәйкеселді мекендердің ауыл шаруашылығы үшін пайдаланылатын жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша және мал шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін жеке меншік құқығымен беруге болмайды.

Осылайша, аталған норма көрсетілген жер учаскелерін жеке меншікке беруге тыйым салады, ал ауыл шаруашылығы мақсаты үшін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беруге болады.

Бұл ретте, Жер кодексінің 108-бабының 6-тармағына сәйкесжep учаскелерiн қала, кент, ауыл шегiне қосу осы учаскелерге меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды.

Сонымен бірге, Жер кодексінің 97-бабының 3-2-тармағына сәйкеселді мекендердің жерін бас жоспарларына (немесе тұрғындарының саныбес мыңадамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және оларда құрылыс салудың осы жоспарларды алмастыратын схемасына) сәйкес кеңейту жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жеке тұрғын үй құрылысына арналған және жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жердің нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.

Бұл ретте, Жер кодексінің 109-бабының 1-тармағына сәйкеселдi мекендердiң жер учаскелерінің нысаналы мақсаты Жер кодексінің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес айқындалады.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Жер кодексінің 49-1-бабымен реттеледі, оған сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тиісті жергілікті атқару органдарының құзыретіне жатады.  

Салық кодексінің 497-бабының 4-тармағына сәйкес жер салығы:

1) сәйкестендіру құжаттары: меншік құқығының актісі, тұрақты жер пайдалану құқығының актісі, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығының актісі;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.

Салық кодексінің 503-бабымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге арналған базалық салықтық мөлшерлемелер бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

Жоғарыда баяндалғанға сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден осындай жерлерді елдi мекендердің ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерге аударғанға дейін меншік құқығында жер алған салық төлеуші жер салығыны Салық кодексінің 503-бабымен белгіленген базалық салықтық мөлшерлемелермен есептейді деп санаймыз.

Бұл ретте, осындай жер учаскелерінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда салық салу олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға апарылуына байланысты жүзеге асырылады.

Елдi мекендердің ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) берілген жер учаскелері бойыншажер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу тәртібі сұрағы бойынша келесіні хабарлаймыз.

Салық кодексінің 564-бабының1-тармағына сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органмен жасалған уақытша өтеулі жер пайдалану шарттарының негiзiнде есептеледi.

Салық кодексінің 563-бабының2-тармағына сәйкес төлемақы мөлшерлемелері,пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, Салық кодексінің 510-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген ережелер ескерілмей, жер салығының мөлшерлемелерінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

Салық кодексінің 564-бабының3-тармағына сәйкесуақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) алынған жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшерi Салық кодексіне сәйкес осындай жер учаскелерi бойынша есептелген жер салығы сомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жер учаскелерiн жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкасы белгіленген.

Бұл ретте жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi.

Жоғарыда баяндалғанға сәйкес, елдi мекендердің ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлерінен уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға)ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскелері берілген жағдайда төлемақы мөлшері Салық кодексінің 503-бабымен белгіленген базалық салықтық мөлшерлемелермен есептелген жер салығысомасының мөлшерінен төмен белгiленбейдi деп санаймыз.

Елдi мекендердің ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлеріне аударғанға дейін салық төлеушімен жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі жер учаскелері бойынша төлемақы мөлшері осыған ұқсас белгіленеді.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Өндірістік емес төлемдерді және

жеке кәсіпкерлерді әкімшілендіру бөлімі

   
Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6832315
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
36809
0
36809
6735943
83837
139078
6832315

Сіздің ІР: 34.228.142.94
Қазір: 2018-12-19 15:53:21
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру