«Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ , сонымен қатар «Электронды үкімет» порталы арқылы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу тәртібі
Көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) көрсетілген қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің (жеке басын сәкестендіру үшін қажет);
4) мектепкі дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (бар болғанда);
Порталға:
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырған электронды құжат нысанындағы сұрату.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Мемлекеттік корпорацияның қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: кезекке қою туралы хабарлама (ерікті нысанда), орын болған жағдайда – мектепке дейінгі ұйымға жолдама беру (ерікті нысанда).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Бірінші кезекті орынды алуға заңды өкілдері мүгедек балалар, ата-анасының камкорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар, көп балалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беруді қажет ететін балалар құқылы.
Қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде –демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетiледi;
2) Мемлекеттік корпорацияда – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша «электрондық» кезек тәртібімен, жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы .
Толық мәліметті Малыбай ауылдық округі әкімі аппаратынан ала аласыздар. Мекен жайы: Малыбай ауылы, Әубәкіров көшесі № 3, тел: +7/72776/50722