Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар«Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі туралы хабарландыру:

«Масақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация және «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілуі туралы хабарландыру:

«Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша түсініктеме

1.     «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, селолардың, селолық округтердің әкімдері көрсетеді.

2.     Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (мемлекеттік корпорациясы) арқылы;

2) www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб порталы арқылы жүзеге асырылады.

3.     Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мерзімі:

     1) Мемлекеттік корпорацияға және порталға құжаттар пакеті тапсырылған күннен бастап:

       1- кезең: келісуші органдар мен ұйымдардың оң қорытындыларымен жер учаскесін таңдау актісін дайындау – 28 жұмыс күні;

       2 – кезең: көрсетілетін қызметті алушы түпкілікті таңдау актісін келісуі жер кадастрлық жұмысы қызметіне ақы төлеуі кезінде жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару – 22 жұмыс күні;

       Толық құжаттар пакеті ұсынылмаған кезде өтінішті қараудан бас тарту – 2 жұмыс күні.

       Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 – тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – 14 жұмыс күні.

       2) құжаттар пакетін тапсыру үшін ең ұзақ жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут.

       3) ең ұзақ жол берілетін қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.

       Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде, құжаттар қабылдаған күн мемлекеттік мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді.

4.   Мемлекеттік көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

5.   Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жер кадастр жоспарын (1-қосымша) және уақытша (қысқа және ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын қоса бере отырып жер пайдалану құқығын беру туралы шешім немесе осы көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.     Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жер учаскесін таңдау актісі келісілген жағдайда жеке және заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнына 2003 жылы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабына сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (2-қосымшаға сәйкес) мөлшерде есептелетін жер учаскесіне, жер кадастр жоспарын дайындау құны кіреді.

         Жер учакесіне жер кадастр жоспарын дайындау үшін ақы төлеу қолма-қол ақшамен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы «Мемлекеттік корпорациясының» тиісті филиалының есеп айырысу шотына сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (3-қосымшаға сәйкес) нысан бойынша ақы төлеу мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын (түбіртек) беретін «Мемлекеттік корпорация» филиалының ғимаратындағы кассаларда қолма-қол ақшасыз аудару нысанында жүзеге асырылады.

         Веб-портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраным берген кезде төлем жасау электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі-ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

       Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға,

олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учакесіне жер кадастр жоспарын әзірлеу ақысыз негізде жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1-кезең:

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (4-қосымшаға сәйкес) нысан бойынша өтініш;
  2. жер учаскесін орналастыру схемасы;
  3. Жеке басты куәландыратын құжат.

2-кезең:

     1) келісілген түпкілікті жер таңдау актісі.

     2) жер кадастрлық жұмыс қызметі үшін төлем құжаты.

         Мемлекеттік қызмет алу үшін Қ.Ұлтарақов ауылы Абай көшесі № 1 мекен жайында орналасқан әкім аппаратына, немесе 8 (72776) 4-30-98 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Электрондық поштаның мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Жұмыс кестесі:

Демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-18.30.

Түскі үзіліс: сағат 13.00-14.30
        

          

Масақ ауылдық округі

әкімінің аппараты

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6587289
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
26511
0
26511
6501342
125961
172307
6587289

Сіздің ІР: 54.161.77.30
Қазір: 2018-10-23 05:22:54
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру