ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай–ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2) - тармақшаларына сәйкес 2018 жылдың 20 тамызы күні сағат 18:30-да Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында өтетін жиынның күн тәртібінде тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шелек ауылындағы 11 көшеге тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атау беру (тізім бойынша) туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз.

1 Арычный тұйық Көкөзек тұйық
2 Авангард тұйық Парасат тұйық
3 Дачный тұйық Саялы тұйық
4 Илийский тұйық Бастау тұйық
5 Кирпичный тұйық Ырысты тұйық
6 Ключевая тұйық Сәулет тұйық
7 Медицинская тұйық Көкжиек тұйық
8 Новосельский тұйық Шапағат тұйық
9 Садовый тұйық Игілік тұйық
10 Солнечный тұйық Мереке тұйық
11 Стадионная тұйық Мерей тұйық

Түсіндірме жазбаша хат

Жер мен көше атаулары – ұлттық тарихи санамыздың қайнар көзі. Тарихи жер-су атаулары мен ұлттық танымымызға жақын дәстүрлі атаулар арқылы болашақ ұрпаққа тарихымызды таныту азаматтық парызымыз болып табылады.

  1. Көкөзек – табиғат, көктің өзегіне байланысты атау
  2. Парасат –ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті
  3. Саялы – салқыны мол, көлеңкелі бақ
  4. Бастау – бұлақ, қайнар, көз, тұмабастауы
  5. Ырысты – ырыс, несібесі, дәулеті мол
  6. Сәулет - құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері
  7. Көкжиек – горизонт - аспан мен жер бетінің астасып көрінетін сызығы
  8. Шапағат – рақым, мейірім, шарапат
  9. Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым
  10. Мереке – мейрам, салтанат
  11. Мерей – мәртебе, абырой.

Е.ЕСЕНХАНОВ

Шелек ауылдық округі әкімі