Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері

   

Біз саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында экономикамызды, саясатымызды және санамызды жаңғыртуға кірістік. Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы балансты нақтылай түсті. Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. Бұл базалық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйелі үш тұғыры болып саналады. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.

Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек.

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту

мүмкіндігі.

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын.

    

                                                              

                                                               Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

                                                                          Мемлекеттік кірістер басқармасының

                                       Заң бөлімінің бас маманы Исаев А.Л.