Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктар«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:

1) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Орталық);

2) тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) Орталыққа жүгінген кезде – құжаттар пакетін тіркеген сәттен бастап            7 (жеті) жұмыс күні;

құжаттар пакетін ауылдық округ әкіміне тапсырған сәттен бастап                   22 (жиырма екі) жұмыс күні;

2) Орталықта, ауылдық округ әкімінде құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут;

3) Орталықта, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес Орталықта – сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30,                   9.00-ден 18.00, 18.30-ғе дейін.

2) ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұма күнін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат                 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтиже беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

9. Қызмет алушы (немесе нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

Орталыққа, ауылдық округ әкіміне:

1) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорт), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматының тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқынның куәлігі), ал оралмандарға – сәйкестендіру үшін оралман куәлігі;

2) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бар болуы туралы мәліметтер;

3) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылдың 13 тамызына дейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлігі;

5) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдың 1 маусымына дейін жүргізілген тіркеулер бойынша – баланың туу туралы куәлігіндегі деректерге өтініш берушінің деректері сәйкес келмеген жағдайда некенің қиылуын (бұзылуын) тіркеу туралы куәлік;

6) он сегізден жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағы адамдар орта, техникалық және кәсіби, ортаңғыдан кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғарғы оқу мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын болса «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнынан жылына бір рет сұратылатын анықтама.

Жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері мынадай құжаттарды қоса береді:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11342 тіркелді) бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының
2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтініш;

2) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

3) білімі, біліктілігі, арнайы білімі немесе кәсіби дайындығы туралы құжат (бар болса).

Он алты жасқа толмаған тұлғаның атынан еңбек қызметін жүзеге асыруға ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің келісімі туралы еркін нысандағы жазбаша өтініш беріледі;

Құжаттар өтініш берушімен салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынылады.

Әкімде немесе Орталықта ақпараттық жүйелерге қатынау болмаған немесе ақпараттық жүйелердегі мәліметтер сәйкессіз (жоқ) болған жағдайда өтініш беруші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен қоса:

1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

2) Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу (қайтыс болғаны) туралы куәлігі;

3) Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша – өтініш берушінің деректері бала туу туралы куәлігіндегі деректерге сәйкес келмеген жағдайда некені тіркеу (некені бұзу) туралы куәлігі;

4) қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген немесе бала асырап алған жағдайда – қорғаншылық (қамқоршылық) немесе бала асырап алғанын растайтын құжат;

5) мүгедектік белгіленген жағдайда – мүгедектік белгілеу туралы анықтама;

6) жеке кәсіпкер статусын растайтын құжат.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Орталық, ауылдық округ әкімі ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызмет алушының жазбаша келісімін алады.

Барлық қажетті құжаттарды ұсынған кезде қызмет алушыға:

Орталықта, ауылдық округ әкімінде – тіркеу күні мен мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.

10. Қызмет көрсетуші мынадай негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушымен ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталса;

2) Қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11425 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларымен орнатылған талаптарға сәйкессіздігі анықталса.

Қызмет алушы осы мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағымен қарастырылған тізбеге сәйкес толық емес құжаттар пакетін және (немесе) әрекет ету мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Орталықтың және ауылдық округ әкімінің қызметкері осы мемлекеттік қызмет стандартына                   4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Жұмыспен қамту

ораталығының директоры                                  

С.Буянбаев

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6427106
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
17747
0
71664
6342907
138085
161840
6427106

Сіздің ІР: 54.225.59.14
Қазір: 2018-09-20 15:13:05
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру