Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30

Decrease font size Default font size Increase font size

rss1

7 1
2
3
4
5
6
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің сайтына қош келдіңіздер!                                   Мемлекеттік қызметке шақырамыз!                                 Сенім телефоны: +7(72775) 7-20-30                         
Негізгі бетЖаңалыктарБолашақ зейнетақыңызды бүгіннен жоспарлаңыз...

Болашақ зейнетақыңызды бүгіннен жоспарлаңыз...

Болашаққа жиі көз тігіп, зейнет жасындағы жағдайымыздың қандай боларын алдын ала білгіміз келетіндігі рас. Амал нешік, болашақты дөп басып болжау мүмкін емес. Бірақ күйзелуге негіз жоқ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен бірге болашақ зейнетақыңыздың болжалды мөлшерін қазірден бастап есептеуге болады. «Маған мұның қажеті не, зейнет жасына дейін әлі талай жыл еңбек етуім керек» - кешегі студент, ал бүгінде еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жа мамандардан осындай сөздерді жиі естиміз.

Бірақ әйгілі фильмнің кейіпкері Саахов жолдастың айтқанындай: «Бұл туралы ойлау ешкімге ерте емес және ешқашан да кеш емес». Қор мамандары бұл пікірмен толық келіседі. Қазақстанда 1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді, яғни болашақ зейнетақының мөлшері жеке зейнетақы шотындағы жинақтардың сомасына тікелей байланысты. Еңбек қызметі барысында болашағыңызға неғұрлым көп қаражат жинасаңыз, құрметті демалыстағы өміріңіз де соғұрлым жайлы болса түспек. Сондықтан тұрғындар арасында жеке зейнетақы жоспарларын құру мәдениетін қалыптастыру үшін Қор сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылды. Енді әрбір азамат алдағы өмірін жоспарлау үшін калькулятордың көмегімен болашақ зейнетақысының мөлшерін есептей алады.

Калькуляторды пайдалану өте оңай. Бұл үшін www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөліміне кіріп, «Зейнетақы калькуляторы» нысанын басу керек. Мұнда «Болжамды зейнетақы калькуляторы» (болашақ зейнеткерлерге арналған) және «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» (зейнеткерлерге арналған) орналасқан. Бұл ретте болжамды зейнетақы калькуляторын таңдай отырып, ондағы тиісті жолақтарға туған күнді, еңбек өтілін, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін, зейнетақы жинақтарының қазіргі сомасын және соңғы кездегі орташа жалақы мөлшерін енгізіп, сондай-ақ, жынысты белгілеп, «Есептеу» түймесін басу қажет. Егер зейнетақы калькуляторына Жеке кабинет арқылы кіретін болсаңыз, ондағы жолақтар автоматты түрде толтырылады.

Калькулятор зейнетақыны үш сценарий: пессимистік, реалистік және оптимистік сценарий бойынша лезде есептеп береді. Қорытынды сома бірнеше құрамдас бөліктен: ортақ зейнетақы, базалық зейнетақы, БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы және (егер бар болса) ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақыдан тұрады. Сондай-ақ, калькулятор жинақ сомаңыздың қанша жылға жететіндігін, зейнеткерлікке шығар сәттегі болжалды жалақыңызды және ауыстыру коэффициентін (зейнетақының соңғы жалақымен салыстырғандағы пайыздық үлесі) есептеп береді.

Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) стандарттарына сәйкес ауыстыру коэффициенті соңғы жалақының кем дегенде 40 пайызын құрауы тиіс. Әрине, барлығымыз да құрметті демалыстағы өмір сүру деңгейінің белсенді еңбек қызметі кезіндегі өмір сүруі деңгейінен төмен болмағанын қалаймыз. Ал бұл үшін Қорға зейнетақы жарналарын уақытылы және толық көлемде аударып отыру қажет. Сонымен қатар жеке зейнетақы шотының жай-күйін, жарналардың тұрақты аударылуын үнемі қадағалап отырған абзал. Және ең бастысы – еңбек қатынасын заңдастырып, жалақыны «конвертпен» емес, ресми түрде алуға күш салу керек. Сондай-ақ, мүмкіндігінше ерікті зейнетақы жарналарын аударып тұрған жөн. Егер осы шарттарды орындайтын болсаңыз, зейнет жасындағы өміріңіз берекелі бола түседі және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл жолда Сізге көмектесуге қашанда дайын.

    

Menu
Menu
Қазақстандағы ауа-райы

Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы жөнінде пікіріңіз?

6427123
Бүгін
Кеше
Осы аптада
Өткен аптада
Осы айда
Өткен айда
Барлық кезеңде
17764
0
71681
6342907
138102
161840
6427123

Сіздің ІР: 54.225.59.14
Қазір: 2018-09-20 15:14:34
Счетчик joomla
ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС  ЖИНАҚ БАНКІ

ТУРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ

http://www.akorda.kz/ru/events/akorda_news/press_conferences/statya-glavy-gosudarstva-vzglyad-v-budushchee-modernizaciya-obshchestvennogo-soznaniya
http://100esim.el.kz/ru
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
http://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/
http://www.expo2017culture.kz/kz
Совет по конкурентноспособности Казахстана

Совет по конкурентноспособности Казахстана

Қазақстан Республикасының  «жасыл экономика»

Қазақстан Республикасының «жасыл экономика»

 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ

 «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры

Қазақстанның ресми туризм порталы

Қазақстанның ресми туризм порталы

Бизнес аумағы

Бизнес аумағы

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Адалдық алаңы

Адалдық алаңы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы

«Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты» ММ
040402 Есік қаласы,
Жамбыл даңғылы, 21 «а»
Тел.: 8(72775) 7- 20 - 01
Факс: 8(72775) 7- 20 - 01
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Сайттың материалдарын пайдалану туралы

Жоғары көтеру